Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Kia EV9 флагмандық электр кроссовері Қазақстан нарығына шығады
29 наурыз 2024

Kia EV9 флагмандық электр кроссовері Қазақстан нарығына шығады

  • Kia электр желісінің флагмандық моделін сату Қазақстанда 2024 жылдың наурыз айында басталады
  • Сатылым басталғаннан бері Kia EV9 ең жақсы жабдықталған GT-Line нұсқасында, 6 орындық салон құрастырылымы түрінде ұсынылады
  • KIA EV9 көлігіндегі GT-Line күш қондырғысының қуаты 384 а.к., айналу сәті 700 Н•м, жүріс қоры 497 км дейін

·       Kia EV9 жайлылық, динамика және озық технологияларға қатысты жаңа стандарттарды SUV-тің әсерлі әлеуетімен үйлестірген

2024 ж. 29 наурыз, Алматы – Allur қазақстандық автокөлік компаниясының құрамына кіретін Kia-ның Қазақстандағы ресми  дистрибьюторы Allur Motor Qazaqstan компаниясы 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан нарығында Kia EV9 флагмандық электр кроссоверін сату басталатынын хабарлайды.

Үш қатарлы EV9 орындығы бар толық өлшемді электр кроссовер – E-GMP электр мобильдеріне арналған Kia әмбебап модульдік платформасы негізінде жасалған ең үлкен модель. Оның габариттік ұзындығы 5010 мм, ені 1980 мм, биіктігі 1780 мм. Құрастырушылар электрмобильдің негізгі құрастырылым артықшылықтарын шебер үйлестірген: дөңгелек базасы 3100 мм (Kia Mohave-пен салыстырғанда үлкен) және күш беретін батарея орнатылған тегіс еден салонда бұрын-соңды болмаған үлкен кеңістікке қол жеткізді. EV9 жайлылыққа, динамикаға және озық технологияларға қатысты жаңа стандарттарды белгілеп,  SUV әлеуетімен үйлестіре алды.

EV9 дизайны Kia-ның фирмалық «Қарама-қайшылықтар бірлігі» деген философиясына сәйкес жасалған. Бұл толық өлшемді кроссовердің тұжырымдамасы электрмобильдің талғампаздығы мен SUV-тің мықтылығының, заманауи қалалық стиль мен табиғат бірлігінің бірегей үйлесімі болып табылады. Шанақтың сыртқы түрі көпбұрыштар мен үшбұрыштар түріндегі пішіндер мен сызықтардан тұрады. Дизайнерлер мен инженерлер Kia EV9-ды тиімді аэродинамикалық қасиеттермен қамтамасыз етті, бұл электр модельдер үшін өте маңызды. Бірқатар бірегей шешімдердің арқасында Cd кроссоверінің аэродинамикалық кедергі коэффициенті небәрі 0,28 құрайды, бұны спорттық автокөлікпен салыстыруға болады.

Kia EV9 барлық жолаушылар үшін өкілдік санатқа тән жайлылықты ұсынады. Бірінші қатардағы орындықтардың түймешесін бір рет бассаңыз болғаны, «релаксация» режиміне ауысады, бұл жүргізуші мен жолаушының демалуына және аккумуляторға қуат беру кезінде демалуға мүмкіндік береді. Алты орындық нұсқадағы кроссовер тек жылыту және желдету ғана емес, сонымен қатар массаж жүйесі бар екінші қатардағы VIP орындықтармен жабдықталған. EV9 көлігінің GT-Line нұсқасына 14 динамигі және Intelli Q дыбыстық өрісін автоматты түрде реттеу жүйесі бар Meridian Premium Sound System санатының Hi-End аудиожүйесі орнатылған.

Электрлік кроссовердің динамикасы көлік жүргізген кезде өте әсерлі эмоцияларға бөлейді. EV9 GT-Line нұсқасының 100 км/сағ дейін үдеуі небәрі 5,3 с құрайды, оны тіптен, спорттық модельдердің динамикасымен салыстыруға болады. Кез келген уақытта қолжетімді, әсерлі 700 Н•м айналу сәті жүргізушіге өзін сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Төрткілдештегі  электр күшейткіш моторы бар руль арқылы басқарудың заманауи құрылымы (R-MDPS схемасы) дәл және ашық басқаруды қамтамасыз етеді, ал салпыншақ (алдыңғысы – McPherson тіректері бар, артқысы – бес иінтіректі) сенімді тұрақтылық пен тамаша жүріс жайлылығын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар жеткілікті деңгейдегі жол саңылауы (кем дегенде 177 мм), әсерлі айналу сәті, толық жетектің және Terrain Mode жолсыз жермен жүру режимдерін таңдау жүйесінің болуы Kia EV9 көлігін ымырасыз SUV сапасымен қамтамасыз етеді. Электр күш қондырғысы Terrain Mode режимдерінің кез келгенінде («Қар», «Батпақ», «Құм») қозғалыстың басында да, оның кез келген сәтінде де электр моторларының тарту күшін басқарудың түрлі алгоритмдерін орнатуға мүмкіндік береді, бұл дөңгелектердің әрқайсысы үшін ең оңтайлы сипаттаманы қамтамасыз етеді. Kia EV9 көлігінің тағы бір артықшылығы – тежегіш жүйемен жабдықтаған салмағы 2,5 тоннаға дейінгі немесе тежегіш жүйесі жоқ 900 кг-ға дейінгі тіркемелерді сүйрей алады. «Тіркеме» режимін қосқан кезде электроника автоматты түрде электр мобильдің сүйреуге байланысты жүріс қорының өзгеруін белгілейді.

Қазақстанда сатыла басталған сәттен бастап Kia EV9 бағасы 38 990 000 теңгеге тең ең мықты әрі жарақтандырылған GT-Line жабдықталымында ұсынылатын болады, салонында өте жайлы алты орындығы бар. EV9 GT-Line сыйымдылығы үлкейтілген, жоғары вольтты литий-ионды тарту күші батареясымен (99,9 кВт•сағ, жүріс қоры 497 км дейін) және әр ось бір-бірден арналған екі электр қозғалтқышпен жабдықталған. Күш қондырғысының жалпы қуаты – 384 а.к. Флагмандық электр кроссоверінің ең жоғарғы жылдамдығы – 200 км/сағ.

 

Компания туралы:

Kia Corporation – клиенттер, жергілікті және жаһандық қоғамдастықтар үшін ұтқырлық саласында тұрақты шешімдер жасауға ұмтыла отырып, өнімдер мен ұтқырлық сервистерін әзірлеумен және өндірумен айналысатын әлемдік бренд. Компания 1944 жылы құрылған. Бүгінде Kia 190-нан астам елде 3 млн. жуық автокөлік сатады. Корпорация қызметкерлерінің жалпы саны 52 000 астам адамды құрайды. Компанияның өндірістік алаңдары алты елде орналасқан. Kia электрмобильдерге көшуді басқарады және бүкіл әлемдегі қалалық мәселелерді шешуге көмектесетін ұтқырлық сервистерін дамытумен айналысады.

Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan (www.kia.com.kz) Қазақстан аумағында Kia автокөліктерінің ресми дистрибьюторы болып табылады. Компания қызметі барысында Kia бренді Қазақстандағы нарықтың көшін бастап келеді. Сату көлемі жағынан үшінші орында тұр. Kia автокөліктеріне 5 жыл немесе 150 000 км жүріс кепілдігі беріледі. 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында 17 қалада Kia-ның 22 ресми дилерлік орталығы жұмыс істейді.

Allur автокөлік компаниясы (www.allur.kz) Kia-ны қоса алғанда, жеті автокөлік брендін өндіруші, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында бес автобрендтің ресми дистрибьюторы және дилері болып табылады.

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right