Kia Motors танымал кроссовердің жаңа арнайы топтамасы – Sportage Black Edition ұсынады.
Black Edition арнайы топтамасында модель бірқалыпты сүйір пішінін сақтайды, десе де қара жылтыр әрлемедегі арнайы элементтер оның көз үйренген сыртқы түріне әсерлі, едәуір сенімді сипат береді. Радиатор торының торы мен жиектемелері, негізгі және тұманға қарсы фаралар, төменгі қорғаныстың алдыңғы және артқы панельдері, сондай-ақ төбедегі рейлингтер жаңаша безендірілді. Автокөліктің алдыңғы жағындағы және есіктің табалдырығындағы металл элементтер де қара жылтыр жабынға ие.
Бірқатар стильдік жаңартулар Sportage-тің сыртқы түрін бұрынғыдан да тартымды етіп көрсетеді және оның иеленушілеріне көбірек дербестендіру мүмкіндіктерін береді. Sportage – Kia автокөліктерінің тамаша дизайн, инновациялық технологиялар және жоғары сапа сияқты ең үздік сапаларын қамтитын, Еуропадағы брендіміздің ең танымал модельдерінің бірі».
Эмилио Эррера (Emilio Herrera)
Kia Motors Europe операциялық директоры
Sportage Black Edition алдыңғы және артқы жағына орнатылған күңгірттенген Kia фирмалық эмблемасымен ерекшеленеді. Модель атауы да жылтыр қара әріптермен жасалған, қазір жүк бөлігі есігінің ортасына орналастырылған. Құйылған 17 дюймдік алюминий дискілер де қара түспен безендірілген және ортасында күңгірттенген Kia логотипі бар. Арнайы топтамаға жататын автокөліктердің есік тұтқаларының стандартты хроммен әрлеуінің орнына олар шанақ түстес бояуға боялған.
Арнайы топтамадағы кроссоверлер қара элементтермен жақсы үйлесетін шанақтың жеті түрлі нұсқасында ұсынылады: жылтыр қара Pearl Black, ақ Deluxe White, қызыл Infra Red, күміс түстес Lunar Silver, сондай-ақ көк Blue Flame, ақ Casa White және қою сұр Penta Metal.
Sportage Black Edition интерьері премиалды матамен әрленген, руль дөңгелегі, трансмиссия селекторы және есік шынтақшалары былғарымен қапталған. Нарыққа байланысты клиенттерге салоны табиғи былғарыдан немесе матамен бірге жасанды былғарыдан жасалған әрлеу нұсқалары ұсынылады.
Sportage Black Edition клиенттерге жоғары деңгейдегі жабдықталымды ұсынады. Стандартты жабдыққа қашықтық көрсетілген тұрақтың алдыңғы және артқы берілгілері, сондай-ақ жүргізуші орындығының белдік қолдауының электр жетегі, жарықдиодты индикаторлары бар есік айналарын жинайтын электр жетегі, терезе сүрткішті қосудың автоматты режимі, артқы көріністің өздігінен күңгірттенетін салонішілік айнасы және екі аймақты климатты бақылау кірді.
Sportage Black Edition үшін KIA-ның жүргізушіге көмек және қауіпсіздік саласындағы ең жаңа әзірлемелері қолжетімді: қозғалыс жолағынан шығудың алдын алу жүйесі (LKAS), алыс жарық ассистенті (HBA), жылдамдықты шектеу туралы ескерту жүйесі (ISLW) және жүргізушінің зейінін бақылау жүйесі (DAW), шаршаған кезде және зейінін жоғалтқан кезде жүргізу қаупін азайтуға көмектеседі.
Sportage Black Edition өндірісі 2020 жылдың қараша айында Kia зауытының қуаттылығында іске қосылды. Еуропа нарықтарында сату желтоқсан айында басталды. Қазақстанда автокөлікке 2021 жылдың наурыз айынан бастап тапсырыс беруге болады.
«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС ҚР аумағында қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сатылатын тауарларды ҚР аумағында алуға болады. ҚР аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тұтыну тәртібіне мониторинг жүргізілмейді. Тиісті модельдер мен жабдықталымдар және олардың бар-жоғы, бағалары, ықтимал пайдалары мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты Kia-ның ҚР дилерлерінен алуға болады. Тауар сертификатталған. Жария оферта емес.
© 2023 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»