Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Kia шағын Carens минивэнінің ресми суреттерін ұсынды
22 желтоқсан 2021

Kia шағын Carens минивэнінің ресми суреттерін ұсынды

Kia жаңа, төртінші буынның шағын Carens минивэнінің алғашқы ресми суреттерін ұсынды.

Жаңа Kia Carens қазіргі заманғы отбасылардың өсіп келе жатқан сұраныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, үнді нарығы үшін арнайы жасалды. Ол Үндістанда отбасылық автокөліктердің жаңа сегментін құруға арналған. Шағын үш қатарлы минивэн салон әрлемесінің жоғары деңгейін, автокөлікті ақпараттық желілермен және құрылғылармен біріктіру қызметтерін, кроссоверлер стилистикасындағы дизайнды және үшінші қатардағы жолаушыларға арналған әсерлі кеңістікті ұсынады.

4-ші буындағы Carens Kia-ның үнді желісіндегі алғашқы модель болмақ, ол «Қарама-қайшылықтардың бірлігі» дизайнының жаңа философиясын бейнелейді. Бұл батыл әрі шешуші дизайн тілі үшін шабыт көзі болып табылатын табиғат пен адамзат өміріндегі қарама-қайшылықтар болды. Carens дизайны «Табиғаттың батылдығы» қағидатына негізделген: шағын минивэн бренд дизайнының жаңа бағытын көрсетіп қана қоймайды, ол табиғаттың кемелдігі мен қарапайымдылығына құрмет көрсетеді.

Kia Carens

Жаңа Carens бейнесіндегі Kia-ның «Жолбарыстың күлкісі» (Tiger Face) фирмалық радиатор торы қазіргі заманға сай іске асырылған, сондай-ақ төменгі ауа жинағыштың торына баса көңіл бөлінген. Жарықдиодты фаралар мен күндізгі жүріс шамдары сыртқы көрінісін әсерлендіре түседі. Профилі жағынан шағын минивэн сенімді әрі мықты болып көрінеді, брендтің кроссоверлер желісінің модельдерімен үйлеседі, бұл оның дизайнындағы күш пен талғампаздықтың үйлесімін баса көрсетеді.

Минивэн интерьері Үндістандағы қазіргі тұтынушылардың қажеттіліктерін ескерген. Футуристік дизайнды алдыңғы панель жүргізуші мен алдыңғы жолаушыны айнала қоршап тұрғандай және кең сәнді салон сезімін тудырады. Есіктерді әрлеудегі хромдалған элементтер премиалды сапаны сезуді күшейтеді. Алдыңғы панельдің ортасында диагоналі  10,25“ дисплейі, телематика функциялары бар навигациялық жүйе (AVNT) орналасқан.

Kia Carens

Kia Carens біздің «Қарама-қайшылықтардың бірлігі» деген жаңа дизайн философиямыздың тамаша көрінісі болды. Ол спорттық сипатты, талғампаз даралықты және сәннің ерекше эстетикасын сәтті үйлестірген. Kia Carens қазіргі клиенттердің үш қатарлы етіп құрастырылған отбасылық автокөліктерге жүгінетін тілектерін шынымен көрсетеді

Карим Хабиб

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right