Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар

Kia

Өмірдің барлық жағдайларына арналған

Салонның 7 және 8 орындық орналасуы

3.5 MPI қозғалтқышы, 8 сатылы автомат

Интеллектуалды қауіпсіздік жүйелері және жүргізушіге көмек

19 990 000 басталады
Тест-драйв
Стиль және жайлылық аумағы

Мынау қандай автокөлік? Сәнді әрі қатал кроссовер ме? Орнықты әрі қолайлы  отбасылық автокөлік пе? Жоғары технологиялық көлік құралы ма, әлде үлкен компанияға арналған кең әрі жайлы пати-вэн бе? Жаңа Kia Carnival осының бәрін біріктіріп, бірнеше жыл бойы сізді таңғалдыруға дайын.

ЭКСТЕРЬЕРІ
Бәрінің көңілінен шығады

Фирмалық радиатор торын толықтыратын футуристік фаралардан бастап артқы шамдардың тиімді кең жолағына дейінгі жаңа екпіндер үлкен автокөліктерге тән жаңа сәнді дизайн қалыптастырған.

ИНТЕРЬЕРI
Сіздің жайлылық аймағыңыз

Kia Carnival-дың ойластырылған және стильді интерьері автокөлікті ыңғайлы басқаруға мүмкіндік береді, рульдегі ыңғайлы түймешелерді қолдана аласыз немесе жолға алаңдамай-ақ, басқару панеліндегі интуитивті тұрғыдан түсінікті дисплейде қажетті қызметтерді таңдай аласыз.

МУЛЬТИМЕДИА
Бәрі бақылауда

Технологиялар көлік жүргізуді түбегейлі өзгертті. Жаңа Kia Carnival-да өзіңізді ақпарат ағынынан қорғаудың қажеті жоқ, өйткені экраннан тек ағымдағы өзекті деректер ғана көрсетіледі. Автокөліктің ақпараттық ортасы сізге ең маңызды ақпараттан хабардар бола отырып, жолдан ләззат алатындай жобаланған.

Панельде автокөліктің жылдамдығы, ескертулер, сондай-ақ навигация қарапайым және түсінікті кеңес түрінде көрсетілген.

12,3-дюймдік сандық панельдегі ақпарат өзіңіз таңдаған жүргізу режиміне (Eco, Smart, Sport немесе Normal) байланысты әртүрлі болады.

Дисплей навигация және дыбыс жолы туралы ақпаратты көрсетеді, сонымен қатар суретті артқы көрініс камерасынан таратады және тұраққа қою кеңестерін береді. Жүйеге дауыс арқылы басқару қамтылған.

Аудиожүйеге кіріктіріліп орнатылған ішкі байланыс жүйесі артқы қатардағы жолаушылармен айқайламай немесе бұрылмай сөйлесуге мүмкіндік береді.

12 динамигі бар Bose ™ премиум санатты аудиожүйенің көмегімен бүкіл салондағы көлемді және сапалы дыбысты тыңдаңыз.

Bluetooth арқылы жүйеге бірден екі смартфонды қосып, байланыста бола аласыз, ал дауысын қатты шығарып қоңырау шалу үшін тек бір телефонды пайдалануға болады.

15 Вт-қа дейінгі қуат беру панелі үйлесімді смартфонға жылдам қуат беруге мүмкіндік береді. Құрылғы қуат алған кезде индикатор жасыл болып жанады.

ЖАЙЛЫЛЫҚ
Бірінші санат

Kia Carnival-да әр жолаушы ыңғайлы орындықтардың жайлылығын, бас пен аяқ кеңістігінің үлкендігін және әрлеу материалдарының жоғары сапасын сезінеді. Жылжымалы есіктердің конфигурациясы және салонды өзгерту мүмкіндігі әрбір жанға сапардан барынша ләззат алуға мүмкіндік береді.

Демалу режимінде орындықтың артқы жағы артқа қарай шалқаяды, жастықтың алдыңғы жағы көтеріледі, ал аяқ тірегіш сырғып, көтеріледі.

Алдыңғы орындықтар жылытумен және желдетумен жабдықталған. Кез келген ауа райында жайлылықпен жүріңіз.

Kia Carnival барлық жолаушыларға жайлылықтан ләззат алуға мүмкіндік береді.

Электр жетегі бар қос люк барынша еркіндік және кеңістік сезімін береді.

Черное обрамление в форме острого треугольника– еще один эффектный дизайнерский штрих.

Эта функция в передней оптике Kia Rio подсветит боковую зону в направлении поворота автомобиля. Теперь в темное время суток можно буквально заглянуть за поворот.

СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ
Керемет серік

Kia Carnival жаңа мүмкіндіктерді ашады. Ол үлкен отбасын немесе достарды кез келген жерге апарады; ол тосынсыйға құмар жандар үшін көлемді жабдықты немесе бүкіл сурет көрмесін тасымалдай алады; оның жүк салғыш бөлігіне тіпті, жиһаз да сыйып кетеді.

Көлемді жүкті 8 орындық автокөлікпен тасымалдау үшін 2-ші қатардағы орындықтарды алып тастап, 3-ші қатардағы орындықтарды жинауға болады.

Екінші қатардағы орындықтарды үшінші қатарға қаратып бұра аласыз немесе бәріне ыңғайлы болатындай үстел құрау үшін ортасындағы орындықты бүктеуге болады.

Жылжымалы есіктер артқы қатардағы жолаушылардың оңай кіріп-шығуына мүмкіндік береді. Кілттегі бір түймешені пайдаланып, есіктер мен жүк салғыш бөлігінің есіктерін ашып-жаба аласыз.

ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Сізге деген қамқорлықпен

Деректерді оқу мен өңдеудің су жаңа технологияларын қолдана отырып, Drive Wise жүйелер кешені сізді жолдағы жағдай туралы хабардар етеді және кедергілерді ескертеді. Қауіпті жағдайларда жүйелер соқтығысудың алдын алуға көмектеседі. Көмек жүйелері әр сапарыңызды алаңсыз әрі қауіпсіз етеді.

Егер жылжымалы есікті артқы жақтан автокөлік келе жатқан сәтте ашуға тырыссаңыз, жүйе есікті бұғаттап, дыбыстық сигналды қосады, осылайша сіз айналаңызға қарап, қауіпсіз болған кезде ғана шыға аласыз.

Шектеулі кеңістікте маневр жасау кезінде бірнеше камера автокөліктің жоғарыдан масштабталатын көрінісін қамтамасыз етеді, бұл автокөлікті басқаруға және сенімді әрі алаңсыз тұраққа қоюға мүмкіндік береді.

Егер қозғалыс жолағын өзгерту кезінде BCA жүйесі жасырын аймақтан автокөлікті анықтаса, ол сізге ескертеді, тіпті, апаттың алдын алу үшін тежегіштерді де іске қосады.

Аспаптық панель экранында болжамды бұрылыс жағынан жасырын аймақта болып жатқан сурет пайда болуы үшін бұрылыс сигналын қосқан жеткілікті.

Алдыңғы камераның және радардың көмегімен жүйе автоматты түрде қауіпсіз қашықтықты сақтауға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда жылдамдықты толық тоқтағанға дейін төмендетіп, оны белгіленген шамаға дейін қалпына келтіреді.

Бұрылыста солға бұрылу кезінде FСA жүйесі қарсы келе жатқан автокөлікті, велосипедшіні немесе жаяу жүргіншіні анықтау үшін алдыңғы камера мен радарды пайдаланады.

Егер жолақтан ауыса бастасаңыз, жүйе сізді жолақтың ортасында ұстау үшін автономды басқаруды қосады.

ҚАУІПСІЗДІК
Біз бәрін ойладық

Жолаушыларды қорғау және соқтығысу кезінде жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін Kia Carnival салоны жеті қауіпсіздік жастығымен жабдықталған.

Жүйе қозғалыс тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттыру үшін жол біркелкі болмаған кезде руль арқылы басқару мен тежегіштерді пайдаланады.

Биікке көтерілген кезде жүйе аяғыңызды газ педаліне ауыстырғанша тежегішті екі секунд ұстап тұрып, артқа қарай қозғалуға жол бермейді.

Инновациялық платформаның арқасында салон едәуір кеңейіп, автокөліктің басқарылуы мен аэродинамикасы жақсарды, соқтығысу кезінде тұрақтылық пен қауіпсіздік артты.

Маңызды аймақтарда берік және иілгіш болатты қолданудың жаңа қағидаттары шанақ пен шассиге соққы күшін жақсырақ таратуға және жолаушыларды қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді.

ҚОЗҒАЛТҚЫШ
Сезілетін қуат

Kia Carnival инновациялық бензин қозғалтқышы аз шу шығарады және тиімді салқындату және үйкелісті азайту арқылы отынды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Бірқалыпты және сенімді берілістерді ауыстырып қосумен және жұмыс ауқымын ұлғайтумен ерекшеленетін 8 сатылы автоматты трансмиссиямен бірге қуат пен үнемділіктің тамаша теңгерімін аласыз.

Сипаттамалар
>
249 а.к.
Қуаты
331,5 Н·м
Айналу сәті
8,5 c
Екпіндеу 0-ден 100 км/сағ дейін (бұл қозғалтқыш үшін ең аз мән)
Carnival
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Aurora Black Pearl (ABP)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Astra Blue (D2U)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Deep Chroma Blue (D9B)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Pantera Metal (P2M)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Snow White Pearl (SWP)
Жабдықталымдары
Қозғалтқыш Carnival
Luxe
19 990 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

3.5 MPI / 249 л.c. / Бензин / Автомат / Алдыңғы жетек

Prestige
24 490 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

3.5 MPI / 249 л.c. / Бензин / Автомат / Алдыңғы жетек

Негізгі опциялары

Apple Airplay / Android Auto қолдауы бар 12.3" мультимедиа жүйесі

Жасырын аймақты бақылау жүйесі (BCW)

Алдыңғы орындықтарды желдету

Ұялы телефонға сымсыз қуат беру

Артқы жүріспен тұрақтан шығу кезіндегі бүйірлік соқтығысудың алдын алу жүйесі (RCCW)

Автокөліктен қауіпсіз шығу жүйесі: тек ескерту (SEW)

265 / 60 R18 шиналары бар 18 " жеңіл қорытпалы дискілер

Limousine
27 490 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

3.5 MPI / 249 л.c. / Бензин / Автомат / Алдыңғы жетек

Негізгі опциялары

235/60 R18 шиналары бар 18" жеңіл қорытпалы дискілер

Apple Airplay / Android Auto қолдауы бар 12.3" мультимедиа жүйесі

12 динамигі бар BOSE аудиожүйесі

Проекциялық жарықдиодты (LED) фаралар

Жарықдиодты (LED) артқы шамдар

Жасырын аймақты бақылау жүйесі (BCW)

Stop &Go функциясы бар ақылды интеллектуалды круизді басқару (ACC)

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кепілдік және сервис

Kia автокөліктері автокөлік өндірісінің ең жоғарғы стандарттары бойынша өндірілген. Дәл осы ерекше сапа Kia-ға кепілдіктің ерекше шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Толығырақ
КЕҢЕС БЕРУ
Kia Carnival туралы толық ақпарат алу
Дилердің қоңырауына тапсырыс беру

Сайтта қамтылған Kia бренді өнімдерінің бағалары туралы мәліметтер тек ақпараттық сипатта. Көрсетілген бағалар Kia дилерлерінің нақты бағаларынан өзгеше болуы мүмкін. Kia өнімдерінің өзекті бағалары туралы толық ақпарат алу үшін Kia дилерлеріне хабарласыңыз. Kia брендінің кез келген өнімін сатып алу жеке сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұсынылған автокөліктің суреті сатылатын автокөліктен өзгеше болуы мүмкін.


Осы сайтта Құқықтық ақпарат бөлімінде көрсетілген тіркелген тауар белгілері пайдаланылады https://www.kia.ru/info/trademarks/

Үдеу уақыты бойынша деректер эталондық отын пайдалану кезінде арнайы өлшеу жабдығын қолдана отырып, эталондық жағдайларда алынды. Үдеудің нақты уақыты әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен өзгеше болуы мүмкін, олар: ылғалдылық, қоршаған ауаның қысымы мен температурасы, пайдаланылатын отынның фракциялық құрамы, жер бедері, жол жамылғысының сипаттамалары, желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, шиналардағы қысым, сондай-ақ олардың өлшемі, маркасы мен моделі, тасымалданатын жүктің массасы (жүргізуші мен жолаушыларды қоса алғанда) және жүргізу дағдылары. Автокөлік жабдықталымындағы айырмашылықтар мен әртүрлі нарықтардағы талаптарға байланысты модельдердің сипаттамалары жоғарыда көрсетілгендерден өзгеше болуы мүмкін. Kia компаниясы алдын ала ескертпей, автокөліктердің конструкциясы мен жабдықталымына өзгерістер енгізуге құқылы.


Үдеу уақыты бойынша деректер эталондық отын пайдалану кезінде арнайы өлшеу жабдығын қолдана отырып, эталондық жағдайларда алынды. Үдеудің нақты уақыты әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен өзгеше болуы мүмкін, олар: ылғалдылық, қоршаған ауаның қысымы мен температурасы, пайдаланылатын отынның фракциялық құрамы, жер бедері, жол жамылғысының сипаттамалары, желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, шиналардағы қысым, сондай-ақ олардың өлшемі, маркасы мен моделі, тасымалданатын жүктің массасы (жүргізуші мен жолаушыларды қоса алғанда) және жүргізу дағдылары. Автокөлік жабдықталымындағы айырмашылықтар мен әртүрлі нарықтардағы талаптарға байланысты модельдердің сипаттамалары жоғарыда көрсетілгендерден өзгеше болуы мүмкін. Kia компаниясы алдын ала ескертпей, автокөліктердің конструкциясы мен жабдықталымына өзгерістер енгізуге құқылы.

Толығырақ
Жыйрату
Дизайн
Жайлылық

Сәнді мультимедиалық жүйе сапардың мәртебесі туралы хабарлайды және жолда көңіл көтереді

Кіріктірілген Bluetooth арқасында үйлесімді смартфонды қосып, музыка тыңдауға, қоңырау шалуға және навигацияны пайдалануға болады.

Орталық консоль заттарды сақтауға арналған қосымша зат салғыштармен және қолға ыңғайлы орынды таңдауға мүмкіндік беретін реттелетін шынтақ қойғышпен жабдықталған.

Түймешелерді жай ғана басу арқылы ыңғайлы жылдамдық режимін орнатуға, өзгертуге және өшіруге болады. Жылдамдық шектегіші автокөлікті қала жағдайында жүргізуді ыңғайлы етеді.

Руль дөңгелегіне орнатылған түймешелер аудиожүйені жолға алаңдамай-ақ басқаруға мүмкіндік береді.

Осы жүйенің көмегімен қозғалтқыш кілтсіз іске қосылады, түймешені жай ғана басу керек.

Түймешені бір рет басу арқылы салонның оңтайлы температурасын таңдаңыз, сонда теңшеулерді өзгерткенше немесе жүйені өшірмейінше жүйе оны автоматты түрде сақтап тұрады.

Сыртқы жарық қосқышын Auto күйіне бұраңыз, ал жүйе алдыңғы және артқы шамдарды сыртқы жарық деңгейіне сәйкес қосады.

Қауіпсіздік

Picanto шанағының негізгі түйіндерінің 40%-дан астамы ыстықтай қалыпталған болат элементтерін қолдана отырып, беріктігі жоғары AHSS болаттан тұрады. Бұл соққы кезінде шанақтың беріктігін және бұралу қаттылығын едәуір арттырды, салон қорғанысы мен автокөліктің басқарылуын жақсартты.

Жүргізуші мен жолаушыларды қорғау үшін, соқтығысу кезінде жарақат алу қаупін азайту үшін жаңа Picanto-да алдыңғы қауіпсіздік жастықшалары, сондай-ақ бүйірлік жастықшалар мен қауіпсіздік перделері көзделген.

Артқы тұрақ берілгілері басқа көлікке немесе кедергіге жақындағаныңызды ескертеді, бұл артқы жүріспен тұраққа қоюды едәуір жеңілдетеді.

Биікке көтерілу кезінде HAC жүйесі қауіпті кері кетудің алдын алады. Тежегіш педальды босатқан кезде жүйе автокөлікті қозғалыссыз ұстайды, бұл акселератор педалін басуға уақыт береді.

ESC жүйесі бұрылыстарда автокөліктің тұрақтылығын оңтайлы тежеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Ол айналу сәті мен жол жағдайына байланысты дөңгелектердің арасындағы тежеу күшін автоматты түрде қайта бөледі.

ABS жүйесі қозғалыс бағытын сақтай отырып, барынша тежеу тиімділігін қамтамасыз етеді.

Бүйірлік қаттылықты және әр дөңгелектің радиусын үнемі өлшей отырып, TPMS жүйесі аспаптық панельдегі индикатор арқылы шиналардағы қысымның төмендегенін ескертеді.

GT Line
Әсерлі эмоциялардан қуат алыңыз

Қызыл түсті тігіс орындықтарды, руль дөңгелегінің әрлеуін және жабынын безендіреді, бұл автокөлікке спорттық сипат береді.

Жарығы бар дизайнерлік есік кіріктірмелері салонға атмосфера қосады және оны әсерлі етеді.

Аспап панелінің жалпы дизайнына мінсіз кіріктірілген, үлкен экраны бар мультимедиа жүйесі сізді қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етеді, ал нақты навигация оңтайлы бағыт жасайды.