Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар

Kia

Басты рөлді ойнау

Салонда 5 және 7 орындықтың орналасуы

Drive Wise қауіпсіздік жүйелері

Terrain mode

17 990 000 басталады
Тест-драйв
Озық әрі әмбебап

Ымырасыз сенімділік, ыңғайлылық және әмбебаптылық дәстүрін жалғастыра отырып, жаңа Kia Sorento жоғары қауіпсіздігімен және әсерлі басқарылуымен ерекшеленеді. Талғампаз, кең және көп функциялы автокөлік сізді технология мен жайлылық деңгейімен таңғалдырады. Көлік жүргізудің рақаты бөлек әңгімеге арқау болмақ.

ЭКСТЕРЬЕРІ
Мінсіздіктің жаңа қырлары

Жаңа Kia Sorento дизайны – оның функционалдығы мен инновациялылығының көрінісі. Аэродинамикалық көрініс, талғампаз профиль желісі, әсерлі радиатор торы, жарықдиодты фаралар және сәнді жеңіл қорытпалы дискілер — әр бөлшегі осы автокөліктің орнықты әрі батыл бейнесін қалыптастырып тұр..

Шанағының екпінді сызықтары Kia Sorento-ның орнынан қозғалуға және ұзақ сапарға шығуға дайын екендігін аңғартады.

Ромб тәрізді ұяшықтары бар кең радиатор торы автокөлікке сенімді бейне беріп тұр.

Сенімді артқы жарықдиодты шамдар кроссоверге батыл көрініс береді және өзіне назар аудартады.

Автокөлікті мінезіңіз бен көңіл-күйіңізге толық сәйкестендіретін 19" жеңіл қорытпалы дискілер.

ИНТЕРЬЕРІ
Әрбір бөлшегі қолайлы

Жаңа Kia Sorento интерьеріндегі керемет шешімдер мүсіндік рельефпен және тегіс сызықтармен көздің жауын алады. Навигациялық жүйенің экраны, электронды аспаптар тақтасы, көп функциялы руль дөңгелегі және климатты бақылауды басқару блогы жүргізушінің айналасында ерекше кеңістікті құрады, бұл жүргізу процесін жағымды және қызықты ермекке айналдыруға мүмкіндік береді.

ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Технологиялар мен дизайнерлік шешімдерінің үйлесімі

Ақпараттың шексіз ағынын үнемі қадағалап отыру қажеттілігі басымдылықтарды дұрыс ораналастыруды талап етеді. Жаңа Kia Sorento мұның бәрін реттейді, сізді тек қажетті ақпаратпен ыңғайлы қамтамасыз етіп, алаңдау факторларына жол бермейді.

Интеллектуалды сандық аспаптық тақта жылдамдықты, навигациялық кеңестерді, әртүрлі автокөлік жүйелерінің жұмысы туралы ақпаратты көрсетеді.

12 динамигі бар Bose аудиожүйесі сізге және серіктеріңізге керемет дыбыс сапасы бар сүйікті әуендеріңізді рақаттана тыңдауға мүмкіндік береді.

Алдыңғы әйнектегі инновациялық проекциялық дисплейдің көмегімен жолда алаңдамай, жылдамдықты бақылауға, круизді басқаруға және Drive Wise жүйелерін теңшеуге болады.

Автокөлікті жүргізу кезінде байланыста болыңыз. Музыканы қосу үшін немесе дауысын қатты шығарып сөйлесу үшін бірден екі телефонды бір уақытта Bluetooth® көмегімен қосуға болады.

Орталық консольдегі сымсыз құрылғы смартфонға тез қуат беруге мүмкіндік береді. Сіз процесті жарық индикациясының көмегімен бақылай аласыз.

ЖАЙЛЫЛЫҚ
Сіздің жайлылығыңыз үшін жасалған автокөлік

Автоматты трансмиссияны басқаратын джойстик трансмиссия жұмысының режимдерін оңай, тиімді және ақпаратты түрде ауыстырып-қосуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы орындықтар жылыту және желдетумен жабдықталған. Кез келген ауа райында сізге жайлы болады.

Kia Sorento үшін мұқият таңдалған салонды қаптау материалдары сәнді комбинация құрайды.

Панорамалық шатыр және электр жетегі бар люк сізге барынша еркіндік пен кеңістік сезімін сыйлайды.

Теңшеулер жадысының көмегімен бірнеше барынша ыңғайлы орындық конфигурациясын жасай аласыз.

Үлкен компаниямен саяхатқа аттануға болады және барлық жолаушылар жайлылықта болатынына сенімді болыңыз.

ҚАУІПСІЗДІК
Сіздің қауіпсіздігіңізді қорғайды

Су жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңа Kia Sorento сізге жолдағы жағдай туралы хабарлап отырады және мүмкін кедергілер туралы алдын ала хабарлайды. Интеллектуалды қауіпсіздік және Drive Wise жүргізушіге көмек көрсету жүйелері дәл соқтығысудың алдын алуға және сіздің және басқа қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Камераның және радардың көмегімен жүйе автокөліктің алдындағы жол жағдайын талдайды және қауіпсіз қашықтықты сақтауға көмектеседі.

Жүйе қауіпсіз қашықтықты сақтау және белгілерді бақылау үшін камера мен радар берілгілерін пайдаланады, осылайша сіздің машинаңыз қашанда қозғалып келе жатқан жолақтың ортасында болады.

Бұрылу сигналы қосылып, жолақты ауыстырған кезде панельге жасырын аймақтағы кедергіні көру үшін және маневрді қауіпсіз орындау үшін бүйірлік камералардан суреттер көрсетіледі.

Жүйе автокөліктің бүйірлері мен артындағы жағдайды бақылайды және жасырын аймақта келе жатқан көлік құралы анықталған кезде ескертеді. Қажет болса, жүйе қауіпті жағдайдың алдын алу үшін тежегіштер мен руль арқылы басқаруды іске қосады.

Жүйе Smart Key кілтімен автокөлікті қашықтан алға және артқа жылжытуға мүмкіндік береді. Енді көлікті тіпті, шектеулі кеңістікте де тұраққа қоя аласыз.

Жүйе Kia Sorento жанында жолай бағытта қозғалып келе жатқан көлік құралдары болған кезде артқы есіктердің ашылуын бұғаттайды.

КЕҢ САЛОН
Үлкен тосынсыйларға арналған кеңістік

Жаңа Kia Sorento 5 және 7 орындық нұсқаларда қолжетімді. Екінші қатар 60/40 арақатынаспен жиналады, ал үшінші қатар – екі жиналмалы орындық түрінде болып келеді. Жеке орындықтарды немесе бүкіл қатарды жинау арқылы жүк салғыш кеңістігін 2100 литрге дейін кеңейте аласыз.

Smart Key болса, автокөліктің артқы жағына барып тұрсаңыз, бірнеше секундтан кейін жүк бөлігі автоматты түрде ашылады. Артқы есікті көтерудің ыңғайлы биіктігін теңшеп алуға болады.

Екінші қатардағы орындықтардың артында сыйымдылығы 705-910 литрге тең үлкен жүк бөлігі орналасқан. Бұл бірнеше чемоданды немесе сөмкені тасымалдау үшін жеткілікті. Екінші және үшінші қатарларды жинасаңыз, едені тегіс, көлемі 2100 литрге тең жүк бөлігі пайда болады.

 
ДРАЙВ
Драйв теңгерімі және үнемділік

Режимді таңдаңыз: күн сайын жүруге арналған COMFORT, тиімді отын шығынына арналған ECO, анағұрлым қарқынды жүргізуге арналған SPORT немесе интеллектуалды оқыту алгоритмі бар, әдеттегі жүргізу тәсіліне ыңғайланатын SMART режимі.

Terrain Mode Select жүйесі әртүрлі жағдайларда автокөліктің жолмен ілінісуін және тұрақты жүрісін қамтамасыз ету үшін толық жетекті, қозғалтқышты, трансмиссия және бағыт тұрақтылығының жүйесін үйлестіреді.

Үшінші буын платформасы – бұл Kia-ның жаңа стандарты, ол руль арқылы басқарудың, шасси элементтерінің, трансмиссия және кабина еденінің орналасуын белгілейді, бұл салонды едәуір кеңейтуге, автокөліктің аэродинамикалық сипаттамаларын, оның басқарылуын, тұрақтылығын және қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Руль астындағы желектердің көмегімен беріліс қорабын басқару арқылы сапарыңызға қарқын беріңіз. Олар тура қолыңыздың астында орналасқан, берілістерді ауыстырып-қосу үшін қолыңызды рульден алудың қажеті жоқ.

Автокөлік жүргізу кезінде алаңдамай, бәрін бақылауда ұстаңыз. Ең маңызды функцияларды басқару тетіктері қашанда қолыңызда.

Жаңа Kia Sorento Kia кроссоверлері арасында аэродинамикалық кедергі коэффициенті ең төмен автокөлік, ол 0,32 тең.

ҚОЗҒАЛТҚЫШ
Жолдар мен шыңдарды бағындыру

Маневрлі және оңай басқарылатын жаңа Kia Sorento қуатты және үнемді қозғалтқыштардың таңдауын ұсынады.

Сипаттамалар
>
179 а.к.
Қуаты
225 Н·м
Айналу сәті
10,3 c
Екпіндеу 0-ден 100 км/сағ дейін (бұл қозғалтқыш үшін ең аз мән)
ШОЛУЛАР
Модель туралы бейне
Sorento
Түсі: Clear White (UD)
Түсі: Snow White Pearl (SWP)
Түсі: Silky Silver (4SS)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Essence Brown (BE2)
Түсі: Mineral Blue (M4B)
Түсі: Steel Gray (KLG)
Түсі: Runway Red (CR5)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Gravity Blue (B4U)
Түсі: Platinum Graphite (ABT)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Aurora Black Pearl (ABP)
Интерьері: Черный (WK)
Интерьері: Светло-коричневый (JY2)
Интерьері: Бежевый (GYT)
Жабдықталымдары
Қозғалтқыш Sorento
Comfort
17 990 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

2.5 / 179 а.к. / Бензин / Автомат / Толық жетек

Негізгі опциялары

Apple Carplay / Android Auto қолдайтын 8" мультимедиа жүйесі

Алдыңғы тұрақ берілгілері

Толық өлшемді жеңіл қорытпалы қосалқы дөңгелек

Электрлік Child Lock

Төбедегі рейлингтер

235/65R шиналары бар 17 " жеңіл қорытпалы дискілер

Luxe
19 190 000
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

2.5 / 179 а.к. / Бензин / Автомат / Толық жетек

Негізгі опциялары

Интеллектуалды жүк салғышты ашу жүйесі (Smart Tailgate)

Smart key кілтсіз кіру жүйесі және түймеше арқылы қозғалтқышты іске қосу

Қозғалтқышты қашықтан іске қосу (Smart Key үшін)

Apple Carplay / Android Auto қолдайтын 8" мультимедиа жүйесі

Былғарымен әрленген орындықтар

235/60R шиналары бар 18" жеңіл қорытпалы дискілер

Артқы есіктің әйнектері және бесінші есіктің әйнегі айтарлықтай қараңғыланған

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кепілдік және сервис

Kia автокөліктері автокөлік өндірісінің ең жоғарғы стандарттары бойынша өндірілген. Дәл осы ерекше сапа Kia-ға кепілдіктің ерекше шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Толығырақ
КЕҢЕС БЕРУ
Kia Sorento туралы толық ақпарат алу
Дилердің қоңырауына тапсырыс беру

Сайтта қамтылған Kia бренді өнімдерінің бағалары туралы мәліметтер тек ақпараттық сипатта болады. Көрсетілген бағалар Kia дилерлерінің нақты бағаларынан өзгеше болуы мүмкін. Kia өнімдерінің өзекті бағалары туралы толық ақпарат алу үшін Kia дилерлеріне хабарласыңыз. Kia брендінің кез келген өнімін сатып алу жеке сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұсынылған автокөлік суреттері сатылатын автокөліктерден өзгеше болуы мүмкін.


Осы сайттың Құқықтық ақпарат бөлімінде көрсетілген тіркелген тауар белгілері пайдаланылады https://kia.com.kz/kz/information/

Екпіндеу уақыты бойынша деректер эталондық отын пайдалану кезінде арнайы өлшеу жабдығын қолдана отырып, эталондық жағдайларда алынды. Үдеудің нақты уақыты әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен ерекшеленуі мүмкін, олар: ылғалдылық, қоршаған ауаның қысымы мен температурасы, пайдаланылатын отынның фракциялық құрамы, жер бедері, жол жамылғысының сипаттамалары, желдің бағыты мен жылдамдығы, атмосфералық жауын-шашын, шиналардағы қысым, сондай-ақ олардың көлемі, маркасы мен моделі, тасымалданатын жүктің массасы (жүргізуші мен жолаушыларды қоса алғанда) және жүргізу дағдылары. Автокөлік жабдықталымындағы айырмашылықтар мен әртүрлі нарықтардағы талаптарға байланысты модельдердің сипаттамалары жоғарыда айтылғандардан өзгеше болуы мүмкін. Kia компаниясы алдын ала ескертпей-ақ автокөліктердің құрылымы мен жабдықталымына өзгерістер енгізуге құқылы.

Sorento - Соренто, Classic - Классик, Comfort - Комфорт, Luxe - Люкс, Prestige - Престиж, Premium - Премиум, Premium+ - Премиум Плюс.

Smartstream 8DCT (Dual Clutch Transmission) – Екі «ылғал» типті ілінісуі бар роботталған трансмиссия.

Terrain Mode Select – Әртүрлі жол жабындарымен қозғалу режимдерін таңдау жүйесі, Drive Wise (Драйв Вайс) – Заманауи жүргізушіге көмек көрсету жүйесі, DMS (Drive Mode Select) – Қозғалыс режимін таңдау жүйесі, ECO - ЭКО (отынды тиімді шығындауға арналған қозғалыс режимі), SPORT - СПОРТ (едәуір динамикалық жүріске арналған қозғалыс режимі), SMART — СМАРТ (интеллектуалды оқу алгоритмі бар қозғалыс режимі), HUD (Head-up display) – Алдыңғы әйнектегі проекциялық дисплей, BVM (Blind-spot View Monitor) – Жасырын аймақтарды бақылайтын, суретін аспаптар панелінде көрсететін камералар, Bluetooth (Блютус) – сымсыз дербес желілердің ерекшеліктері, Bose - (Боуз) аудиожүйе, SCC (Smart Cruise Control ) Интеллектуалды круизді бақылау, DAW ( Driving Attention Warning) – Жүргізушінің назарын бақылау жүйесі, RSPA (Remote Smart Parking Assist) – Тұраққа қою процесін қашықтан басқару жүйесі, SAE (Safety Exit Assist) – Автокөліктен қауіпсіз шығу жүйесі, LFA (Lane Following Assist) – Екінші буынның жолақта ұстап тұру жүйесі, BCA (Blind-spot Collision Avoidance Assist) – Жасырын аймақта автокөлікпен соқтығысудың алдын алу жүйесі, FCA (Forward Collision-Avoidance Assist) Автоматты шұғыл тежеу жүйесі, LED (Light-emitting diode) - Жарықдиод, IMS (Intelligent memory system)- Орындықтарды теңшеу жадысы.

TFT (Thin Film Transistor) - Тиэфти, Supervision - Супервижн, Smart Key - Смарт Кей

VDA (Verband fuer Deutsche Automobilindustrie) – көлемді өлшеу әдісі.

Техникалық сипаттамаларды KIA дилерлерінен нақтылаңыз.

«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС ҚР аумағында қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сатылатын тауарларды ҚР аумағында алуға болады. ҚР аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тұтыну тәртібіне мониторинг жүргізілмейді. Тиісті модельдер мен жабдықталымдар және олардың бар-жоғы, бағалары, ықтимал пайдалары мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты Kia-ның ҚР дилерлерінен алуға болады. Тауар сертификатталған. Жария оферта емес.

Толығырақ
Жыйрату
Дизайн
Жайлылық

Сәнді мультимедиалық жүйе сапардың мәртебесі туралы хабарлайды және жолда көңіл көтереді

Кіріктірілген Bluetooth арқасында үйлесімді смартфонды қосып, музыка тыңдауға, қоңырау шалуға және навигацияны пайдалануға болады.

Орталық консоль заттарды сақтауға арналған қосымша зат салғыштармен және қолға ыңғайлы орынды таңдауға мүмкіндік беретін реттелетін шынтақ қойғышпен жабдықталған.

Түймешелерді жай ғана басу арқылы ыңғайлы жылдамдық режимін орнатуға, өзгертуге және өшіруге болады. Жылдамдық шектегіші автокөлікті қала жағдайында жүргізуді ыңғайлы етеді.

Руль дөңгелегіне орнатылған түймешелер аудиожүйені жолға алаңдамай-ақ басқаруға мүмкіндік береді.

Осы жүйенің көмегімен қозғалтқыш кілтсіз іске қосылады, түймешені жай ғана басу керек.

Түймешені бір рет басу арқылы салонның оңтайлы температурасын таңдаңыз, сонда теңшеулерді өзгерткенше немесе жүйені өшірмейінше жүйе оны автоматты түрде сақтап тұрады.

Сыртқы жарық қосқышын Auto күйіне бұраңыз, ал жүйе алдыңғы және артқы шамдарды сыртқы жарық деңгейіне сәйкес қосады.

Қауіпсіздік

Picanto шанағының негізгі түйіндерінің 40%-дан астамы ыстықтай қалыпталған болат элементтерін қолдана отырып, беріктігі жоғары AHSS болаттан тұрады. Бұл соққы кезінде шанақтың беріктігін және бұралу қаттылығын едәуір арттырды, салон қорғанысы мен автокөліктің басқарылуын жақсартты.

Жүргізуші мен жолаушыларды қорғау үшін, соқтығысу кезінде жарақат алу қаупін азайту үшін жаңа Picanto-да алдыңғы қауіпсіздік жастықшалары, сондай-ақ бүйірлік жастықшалар мен қауіпсіздік перделері көзделген.

Артқы тұрақ берілгілері басқа көлікке немесе кедергіге жақындағаныңызды ескертеді, бұл артқы жүріспен тұраққа қоюды едәуір жеңілдетеді.

Биікке көтерілу кезінде HAC жүйесі қауіпті кері кетудің алдын алады. Тежегіш педальды босатқан кезде жүйе автокөлікті қозғалыссыз ұстайды, бұл акселератор педалін басуға уақыт береді.

ESC жүйесі бұрылыстарда автокөліктің тұрақтылығын оңтайлы тежеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Ол айналу сәті мен жол жағдайына байланысты дөңгелектердің арасындағы тежеу күшін автоматты түрде қайта бөледі.

ABS жүйесі қозғалыс бағытын сақтай отырып, барынша тежеу тиімділігін қамтамасыз етеді.

Бүйірлік қаттылықты және әр дөңгелектің радиусын үнемі өлшей отырып, TPMS жүйесі аспаптық панельдегі индикатор арқылы шиналардағы қысымның төмендегенін ескертеді.

GT Line
Әсерлі эмоциялардан қуат алыңыз

Қызыл түсті тігіс орындықтарды, руль дөңгелегінің әрлеуін және жабынын безендіреді, бұл автокөлікке спорттық сипат береді.

Жарығы бар дизайнерлік есік кіріктірмелері салонға атмосфера қосады және оны әсерлі етеді.

Аспап панелінің жалпы дизайнына мінсіз кіріктірілген, үлкен экраны бар мультимедиа жүйесі сізді қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етеді, ал нақты навигация оңтайлы бағыт жасайды.