Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Kia Қазақстандағы EV6 электр кроссоверінің бағасы мен жабдықталымын жариялады
27 ақпан 2023

Kia Қазақстандағы EV6 электр кроссоверінің бағасы мен жабдықталымын жариялады

Қазақстанда Kia EV6 толық жетекті және сыйымдылығы ұлғайтылған  тартқыш батареясы бар екі жабдықталымда ұсынылады

Kia электр кроссоверінде нақты жағдайдағы жүріс қоры мен өте  жылдам қуат алу технологиясы  ұтымды үйлесім тапқан

EV6 бағасы 36 990 000 теңгеден басталады

2023 жыл 24 ақпан, Алматы – Қазақстандағы Kia ресми дистрибьюторы, қазақстандық Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan компаниясы елімізде Kia EV6 толық электрлі кроссоверін сатудың басталғанын хабарлады. Жоғары технологиялық модель 36 990 000 теңгеден 38 990 000 теңгеге дейінгі бағамен екі жабдықталымда ұсынылды.

EV6 – 800 вольттық кернеуден өте жылдам қуат алу мүмкіндігін қолдайтын электрмобильдерге (E-GMP) арналған жоғары технологиялық жаһандық модульдік платформа негізінде жасалған алғашқы Kia моделі. Модельдің дизайны «Қарама-қайшылықтардың бірлігі» деген жаңа фирмалық философияның қағидаттарына сәйкес жасалған, EV6 сыртқы түрі әсерлі  стилистикалық элементтер мен мүсіндік пішіндерді үйлестірген. Интерьері жинақы және жоғары технологиялық. Еденге біріктірілген жалпақ батарея және үлкен дөңгелек базасы (2900 мм) өз санатындағы ең жақсы ішкі кеңістікті ұсынуға мүмкіндік берді.

Қазақстанда Kia EV6 жалпы қуаты 325 а.к. және айналу сәті 605 Н•м тең екі электрмоторы (әр оське бір-бірден) бар, толық жетекті және сыйымдылығы ұлғайтылған тартымдық батареясы (77,4 кВт*сағат) бар нұсқада ұсынылды, бұл 500 км-ден астам жүріс қорын қамтамасыз етеді. Мұндай EV6 5,2 секундта 100 км/сағ дейін үдейді, ал өте жылдам қуат алу мүмкіндігі тарту батареясына 18 минут ішінде 10%-дан 80%-ға дейін қуат беруге мүмкіндік береді.

36 990 000 теңгеге Earth деген бастапқы жабдықталым ұсынылған, басқалармен қатар, онда бейімделген матрицалық LED-фаралар, диаметрі 20" жеңіл қорытпалы дискілер, электр жетегі бар жылжымалы есік тұтқалары, кілтсіз кіру жүйесі, алдыңғы әйнекке арналған аспаптардың проекциясы, 14 динамигі бар Meridian премиум-аудиожүйесі, айналаны шолу жүйесі, смартфонға арналған сымсыз қуат беру, интерьердің атмосфералық жарығы, экобылғарымен қапталған орындық, алдыңғы орындықтың электр жетегі, жүргізуші креслосының жады, рульді және барлық орындықтарды жылыту, алдыңғы орындықтарды желдету, тоғыз қауіпсіздік жастығы, жүк салғыш есігінің электр жетегі қамтылған. Интерьер дизайнының ең көрнекті элементтерінің бірі цифрлық аспаптар панелінің 12,3-дюймдік дисплейлері мен ақпараттық-ойын-сауық жүйесін біріктіретін «қосарланған» қисық панорамалық экран болды. Жоғары технологиялық қауіпсіздік және жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің тізімінде келесілер бар: Stop&Go функциясы бар интеллектуалды круизді бақылау, тұрақтандыру жүйелері, бетпе-бет соқтығысудың, қиылыста бұрылу кезінде соқтығысудың және автотұрақтан артқы жүріспен шығу кезінде соқтығысудың, жасырын аймақта автокөлікпен соқтығысудың алдын алу, жолақтағы қозғалыс көмекшілері және жоғары көтерілу.

Құны 38 990 000 теңгеге тең GT Line жабдықталымы бамперлерінің дизайнымен, шанақ түсімен түстес дөңгелек аркаларының жапсырмаларымен, спорттық руль дөңгелегімен ерекшеленеді, алдыңғы панель және орталық шынтақ қойғыш GEONIC материалымен қапталған. 

Қазақстандағы Kia EV6-ға зауыт 5 жылға немесе 150 000 км жүріске кепілдік береді. EV6 және қазақстандық бренд желісінің қалған модельдері туралы толық ақпаратты ҚР аумағындағы Kia ресми дилерлік орталықтарынан алуға болады.

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right