Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Cу жаңа Kia K4 шағын седаны
01 сәуір 2024

Cу жаңа Kia K4 шағын седаны

НЬЮ–ЙОРК, 2024 ж. 27 наурыз. - Kia компаниясы жаңа төрт есікті шағын K4 седанын ұсынды. Модель дизайнның, технологияның және сыйымдылықтың жаңа стандарттарының арқасында шағын седан сегментін дүр сілкіндіреді. Kia K4 премьерасы 2024 жылы Нью-Йорктегі халықаралық автосалонда өтті.

«Қарама-қайшылықтардың бірлігі» дизайнының философиясына сәйкес келетін батыл пропорциялары бар, барлық төрт бұрышы бойынша созылған жаңа Kia K4 күшті әсер береді. Стандартты тік жарықдиодты фаралар контурды айқын көрсетеді. Kia K4 пропорцияларының арқасында модель өз сегментіндегі ең ірісі.

Модельдің интерьері бүкіл санатқа арналған стандарттарды арттырады. Кең әрі сыйымды салонның негізгіэлементі – стандартты интеграцияланған сандық панель, бұл шағын седан сегментіндегі алғашқы жеке дизайн элементі болып табылады. 

Модель стандартты технологиялардың күшті жиынтығына ие және жүргізушілерге көмек көрсетудің озық жүйелерін (ADAS) ұсынады. K4 стандартты Apple CarPlay және Android Auto сымсыз жүйесімен, сондай-ақ камераның көмегімен автокөліктің айналасын көруге мүмкіндік беретін 30 дюймдік сандық панелі бар дисплеймен жабдықталған.

Ultra Wideband бар Digital key 2.0, Harman Kardon премиум санатты аудио жүйесі, алдыңғы орындықтарды жылыту және желдету, сондай-ақ кең люк сияқты қолжетімді жайлылықтар K4 автокөлігінің премиалдылығын көрсетеді. KIA K4 АҚШ-та 2024 жылдың екінші жартысында LX, LXS, EX, GT-Line және GT-Line Turbo секілді бес жабдықталымда келеді деп күтілуде.

Бағасы, шығатын күні, сондай-ақ нақты жабдықталымдары кейінірек жарияланады.

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right