Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Allur компаниялар тобы Қазақстандағы жаңа Kia Sportage бағасы мен жабдықталымын хабарлайды
20 мамыр 2022

Allur компаниялар тобы Қазақстандағы жаңа Kia Sportage бағасы мен жабдықталымын хабарлайды

  • Kia Sportage жаңа кроссовері Қазақстанда сегіз жабдықталымда қолжетімді болады
  • Жаңа Sportage бағасы 12 490 000 теңгеден 18 990 000 теңгеге дейін

2022 ж. 20 мамыр Алматы қ. - Қазақстандағы Kia ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan компаниясы қазақстандық нарықта жаңа, бесінші буындағы Sportage кроссоверінің бағасы мен жабдықталымын жариялайды. Жаңа өнімді сату 20 мамырда басталды.

 

Жаңа Kia Sportage сегіз жабдықталымда ұсынылады: Classic, Comfort, Luxe, Prestige, Style, Premium, X-Line және X-Line+. Кроссовер бағасының диапазоны 12 490 000 теңгеден 18 990 000 теңгеге дейін болады. Қазіргі уақытта сатуға 15 490 000 теңгеден 18 990 000 теңгеге дейінгі жабдықталымдар келіп түсті.

Sportage-дың бесінші буыны кроссоверлер сегментінде сапалы жаңа қадам болды. Модельдің инновациялылығы оны жаңа деңгейге шығарды және ол Kia брендінің өзгеруіне сәйкес келеді. Автокөлік брендтің "Қарама-қайшылықтардың бірлігі" сияқты жаңа дизайн философиясына сәйкес әзірленген. Кроссовердің сыртқы түрі батыл, эмоционалды, заманауи әрі табиғи. Таза және бедерлі беткі қабаттары әсерлі технологиялық элементтермен үйлескен. Жарықдиодты фаралар мен күндізгі жүріс шамдары бумеранг пішінді, ал артқы шамдар шанаққа біріктірілген сияқты, бұл жаңа Sportage-дың сыртқы түрін әсерлі ғана емес, әрі футуристік етеді.

Кроссовердің интерьері премиалды сапаны және жүргізушіге бағытталған дизайнды біріктіреді. Салондағы ең әсерлі элементтердің бірі аспаптық панель мен мультимедиа дисплейін біріктіретін қисық панорамалық экран болды. Опциялар арасында 8 динамигі бар Harman / Kardon премиум-аудиожүйесі ұсынылады.

Sportage-дың жаңа буыны Kia тарихындағы алғашқы автокөлік болды, ол өңірге байланысты дөңгелек базасының екі түрлі нұсқасында – ұзын базада немесе қысқа базада ұсынылады. Қазақстандық нарықта модельдің барынша сыйымды нұсқасы - 2 755 мм-ге дейін ұлғайтылған дөңгелек базасы ұсынылатын болады. Бұл C-SUV сегменті үшін әсерлі өлшемдерге және салонның кеңдігі мен жүк салғыш бөлігінің сыйымдылығы санатындағы ең жақсы көрсеткіштердің біріне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Автокөліктің жалпы ұзындығы 4 660 мм. Қазіргі буынмен салыстырғанда дөңгелек базасы 85 мм-ге, ал ұзындығы 175 мм-ге артты. Жаңа Sportage-дың габариттік ені 1 865 мм-ді құрайды, ал биіктігі (спецификацияға байланысты) - 1660-тан 1680 мм-ге дейін.

Қазақстандық нарықта бесінші буынды Kia Sportage бензинді атмосфералық төрт цилиндрлі қозғалтқыштардың екі нұсқасы түрінде ұсынылатын болады: көлемі 2,0 л, таратылған отын бүрку жүйесі бар (150 а. к., 192 Н•м) және 2,5 аралас бүрку жүйесі бар (190 а. к., 242 Н•м). 2,0 л қозғалтқыш  автоматты алты сатылы беріліс қорабымен, ал 2,5 л қозғалтқыш автоматты сегіз сатылы беріліс қорабымен жабдықталады. Жаңа Sportage алдыңғы осьтегі жетегімен де, толық жетек жүйесінде де қолжетімді болады.

Жаңа кроссоверді жасау кезінде қауіпсіздікке басымдық берілді. Бесінші буындағы Sportage Drive Wise жүргізушіге көмек көрсету және қауіпсіздік жүйелері кешенінің заманауи нұсқасымен жабдықталуының арқасында өз сегментіндегі ең қауіпсіз автокөліктердің біріне айналды. Бұл кешен әр сапарда автокөліктегі жолаушыларға, сондай-ақ жол қозғалысының басқа мүшелеріне барынша қорғанысты  қамтамасыз етеді.  

Classic-тің алғашқы жабдықталымында Sportage-ға жеңіл қорытпалы дискілердегі 235/65 R17 шиналары бар дөңгелектер, толық жарықдиодты фаралар, бөлек климатты бақылау, круизді бақылау, артқы көрініс камерасы және диагоналі 4,2" түрлі түсті ақпараттық дисплейі бар цифрлық аспаптық панель орнатылады. Негізгі мультимедиа жүйесі 8 дюймдік дисплейге ие және Apple Carplay және Android Auto-ға сымсыз қосылуды қолдайды. Classic жабдықталымында кроссовер 12 490 000 теңгеге ұсынылады.

Comfort жабдықталымындағы автокөліктерге тұрақтың артқы берілгілері орнатылады. Алдыңғы орындықтарды жылыту рульді және артқы орындықты жылытумен толықтырылған. Sportage Comfort 13 590 000 теңгеден басталатын бағамен ұсынылады.

Luxe жабдықталымына жеңіл қорытпалы дискілердегі 235/60 R18 шиналары бар дөңгелектер орнатылады. Осы жабдықталымнан бастап Sportage Smart Key кілтсіз кіру және қозғалтқышты іске қосу түймешесімен, Autohold функциясы бар электрлік тұрақ тежегішімен, төбедегі рейлингтермен, интеллектуалды жүк салғышты ашу жүйесімен және алдыңғы тұрақ берілгілерімен жабдықталады. Luxe жабдықталымындағы кроссовер 14 290 000 теңгеден басталатын бағамен ұсынылады.

Prestige жабдықталымынан бастап 12,3"" диагоналі бар түрлі түсті дисплейі бар мультимедиа жүйесі, Apple Carplay және Android Auto қолдауы және Navitel навигациясы, жасырын аймақтарды айнала шолу және басқару жүйесі, былғарымен қапталған орындықтар және жүргізуші орындығын электр реттеу ұсынылады. Бұл жабдықталымның құны 15 990 000 теңгеден басталады.
 

Style қызыл түсті жасанды былғарыдан жасалған интерьер қаптамасымен және педальдарға арналған металл жапсырмалармен ерекшеленеді. Осы жабдықталымнан бастап кроссоверге 235/55 R19 шиналары бар жеңіл қорытпалы дискілердегі дөңгелектер, проекциялық жарықдиодты шамдар және жарықдиодты артқы жарықтар орнатылады. Style Sportage жабдықталымында 16 490 000 теңгеден басталатын бағамен ұсынылады.

Premium жабдықталымында салонды табиғи былғарымен әрлеу, алдыңғы орындықтарды электрмен реттеу, Harman/Kardon премиалды аудиожүйесі, смартфонға арналған сымсыз қуат беру және артқы әйнектерді қатты бояу қамтылған. Sportage-ге арналған Premium жабдықталымынан бастап X-Line пакеті бар, оған бамперлер мен жол талғамайтын көлік дизайны әрлемесінің сыртқы элементтері, төбенің қара әрлемесі және басқа да опциялар енген. Sportage Premium құны 17 690 000 теңгені құрайды.

X-Line және X-Line+ нұсқаларындағы кроссовері люгі бар панорамалық төбе, беріліс қорабының электронды селекторы, берілісті ауыстырудың рөл астындағы «жапырақшалары», жад функциясы бар жүргізуші креслоларын электрлік реттеу, алдыңғы орындықтарды желдету, интерьерді атмосфералық жарықтандыру және табалдырықтағы алюминий қаптамалар сияқты нәрселерімен ерекшеленеді. X-Line құны 18 490 000 теңгені құрайды.

X-Line+ максималды жиынтығы  қауіпсіздік жүйелері мен  жүргізушіге көмек көрсететін Drive Wise кешені көмекшілерінің толық жиынтығымен жабдықталған. Оған мыналар жатады: Stop&Go функциясы бар интеллектуалды круизді бақылау (SCC), бетпе-бет соқтығысудың алдын алу жүйесі ( FCA), көше қиылысында бұрылған кезде соқтығысудың алдын алу (FCA-JX), қозғалыс жолағынан шығудың алдын алу (LKA), тұрақтан  артқы жүріспен шығу кезінде бүйірлік соқтығысуды ескерту (RCCW), жолақтағы қозғалыс  ассистенті (LFA), алыс жарықты автоматты басқару (HBA) және басқа жүйелер. X-Line+ нұсқасының құны 18 990 000 теңгені құрайды.
Брендтің Қазақстандағы барлық модельдік қатарына берілетін сияқты жаңа Kia Sportage-ге де 5 жылға немесе 150 000 км жүріске дейін зауыт кепілдігі беріледі.                                                                                   

Sportage моделі және қазақстандық бренд желісінің басқа модельдері туралы толығырақ ақпаратты Қазақстан аумағындағы Kia ресми дилерлік орталықтарынан, сондай-ақ 555 нөмірі бойынша (қоңырау шалу тегін) алуға болады.

Өзекті прайс-парақты қашанда су жаңа Kia Sportage парақшасынан жүктей аласыз.

 

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right