Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Қостанайда Kia автокөліктерінің өндірісі басталды
26 наурыз 2021

Қостанайда Kia автокөліктерінің өндірісі басталды

Kia Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» зауытында өндіріледі. Жаңа желінің Kia Rio, Kia Picanto, Kia Cerato, Kia K5, Kia Seltos, Kia Sportage, Kia Sorento және Kia Soul модельдері ұсынылған. 2022 жылдан бастап олардың қатарына Кia Stinger, Kia Carnival және Kia K900 енгізу жоспарлануда.

Жобаны Kia Motors Corporation-мен өнеркәсіптік кооперация аясында іске асыру мүмкін болды.

«Біздің дамуымызда ТМД елдерінің нарығы маңызды рөл атқарады, ал Қазақстан – әрі қарай өсу үшін неғұрлым басым өңірлердің бірі», - деп атап өтті «Киа Моторс Ресей и СНГ» ЖШҚ президенті Чжин-Ха Ким мырза.

Бірлескен өндіріс Kia-ны ел нарығындағы ең қолжетімді автокөліктердің біріне айналдырады. Бұл Еуразия банкінің арнайы кредиттік бағдарламасының арқасында мүмкін болды.

«Өндіріс алаңын іске қосу тұтынушыларға Kia автокөліктерін сатып алуға және жоғары сапалы қызметтер алуға жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді Чжин-Ха Ким мырза.

Жаңа машина иелері Қазақстан үшін бірегей өндіруші зауыттың 5 жыл немесе 150 000 км жүріс кепілдігіне ие болады. Ертеректе елде ресми түрде сатылған автокөліктер кепілдікті қолдаумен қамтамасыз етілетін болады.

Айта кетейік, Қостанай зауытына 2020 жылы елімізде өндірілген техниканың жартысынан астамы тиесілі. 40 050 көлік бірлігін шығарған кәсіпорын шанақтарды дәнекерлеу және бояу операцияларын қолдана отырып, өз көрсеткіштерін 100 мың белгіге дейін жеткізді.

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right