Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Жаңа Kia Sorento «What Car?» журналының нұсқасы бойынша «2021 жылдың толық өлшемді кроссовері» атағына ие болды
21 қаңтар 2021

Жаңа Kia Sorento «What Car?» журналының нұсқасы бойынша «2021 жылдың толық өлшемді кроссовері» атағына ие болды

Kia кроссоверлер қатарындағы флагмандық модель болып табылатын Sorento-ның төртінші буыны жаңа жылды үлкен жетістікпен бастады. Kia Sorento «What Car?» журналы құрған «2021 жылдың автокөлігі» сыйлығының аясында «2021 жылдың толық өлшемді кроссовері» деген атаққа ие болды. «What Car?» журналының нұсқасы бойынша жаңа Kia Sorento «2021 жылдың толық өлшемді кроссовері» атағын алды.

«What car?» журналы сыйлығының «Толық өлшемді кроссоверлер» санаты жоғары бәсекелестігімен ерекшеленеді, бірақ қазылар алқасы оның әсерлі үнемділігін, динамикасын, базалық жабдықталымдағы жарақтандырылуының жоғары деңгейін, тамаша құрастыру сапасын тиісінше бағалай отырып, Kia Sorento-ны үздік деп таныды.

«What car?» журналының қазылар алқасы кроссовердің турбоүрлегіші және отынды тікелей бүркетін жүйесі бар бензинді қозғалтқыш негізіндегі гибридті күш қондырғысы [1] бар 1,6 T-GDI Hybrid нұсқасын бағалады. Автокөлікте қауіпсіздік жүйелерінің толық жиынтығы бар, оның ішінде интеллектуалды жылдамдық шектегіш және жаяу жүргіншілерді, велосипедшілерді, сондай-ақ көше қиылыстарында бұрылған кезде қиылысатын траекториядағы көлікті тану функциялары бар бетпе-бет соқтығысудың алдын алатын FCA жүйесі бар.

Sorento жеңісіне түсініктеме бере отырып, «What car?» журналының редакторы Стив Хантингфорд (Steve Huntingford) былай деді: «Sorento гибридтік күш қондырғысының технологиясы нақты пайдалану жағдайында тамаша үнемділікті, СО2 шығарындыларының төмен деңгейін қамтамасыз етеді, бұл ретте кроссовер жоғары жүру жайлылығымен және басқарудағы дәлдігімен ерекшеленеді. Интерьері әдемі және жақсы жабдықталған, жүргізушінің орны керемет кең. Бір сөзбен айтқанда, Sorento – кез келген ауа райына және кез келген жолға арналған сапалы автокөлік».

Kia Motors Europe Президенті Чжон Вон Чжон (Won-Jeong Jeong) былай деп түсіндірді: «Біз құрметті марапатқа, әсіресе, «What car?» журналы сияқты танымал және беделді басылымдар беріп жатқан марапатқа ие болу мүмкіндігінің болғанына қашанда қуаныштымыз. Төртінші буындағы Sorento – біз шынайы мақтан тұтатын автокөлік».

Соңғы уақытта Kia бренді бірқатар марапаттарға ие болды. Бұған дейін бизнес санатындағы K5 седаны және орташа өлшемді Sorento кроссовері «Көлік құралдары» санатындағы жыл сайынғы GOOD DESIGN Awards сыйлығының жеңімпазы болған. Сондай-ақ Sorento британдық Carbuyer басылымының нұсқасы бойынша «2021 жыл автокөлігі» атағына ие болды.

Әр нарықта жергілікті сатып алушылардың сұраныстары мен қалауына барынша сәйкес келетін модельдерді ұсыну стратегиясына сәйкес, Kia Еуропаның әртүрлі елдерінде Sorento-ны қозғалтқыштардың әртүрлі нұсқаларымен, соның ішінде дизельді, гибридті күш қондырғысымен немесе сыртқы қайта қуат беру мүмкіндігі бар гибрид нұсқасында ұсынады (plug-in hybrid).

[1] Модельдің бұл нұсқасы Ресей нарығында жоқ.

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right