Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Allur компаниялар тобы Қазақстанда Kia Carnival бағасы мен жабдықталымын жариялайды
01 тамыз 2022

Allur компаниялар тобы Қазақстанда Kia Carnival бағасы мен жабдықталымын жариялайды

• Kia Carnival Қазақстанда 3,5 л бензинді қозғалтқыш және 8-сатылы автоматты беріліс қорабы түрінде қолжетімді 
• Жаңа кроссвэн клиенттерге жеті және сегіз орындық нұсқада, 23 990 000 теңгеден басталатын бағамен ұсынылады

2022 ж. 29 шілде, Алматы қ. - Қазақстандағы Kia-ның ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan компаниясы 1 тамызда Kia Carnival кроссвэнінің сатылуы басталғаны туралы хабарлайды. Автокөлік Қазақстанда Prestige және Premium+ жабдықталымдарындағы жеті және сегіз орындық нұсқада 23 990 000 теңгеден басталатын бағамен ұсынылады.  


Kia Carnival төртінші буыны MPV сегментінің, кроссоверлердің және бизнес санаттағы автокөліктердің ең жақсы қасиеттерін біріктіретін жаңа автокөлік санаты – кроссвэн туралы айтуға мүмкіндік беретін осы модель тарихындағы маңызды қадам. Жаңа Carnival модельдің алдыңғы буынына тән белгілер мен бренд кроссоверлері мен жол талғамайтын көліктерінің дизайн элементтерін біріктірген. «Жолбарыстың күлкісі» (Tiger nose) стиліндегі фирмалық радиатор торы талғампаз геометриялық бөлшектерден тұрады. Автокөлік толығымен жарықдиодты фаралармен және күндізгі жарық шамдарымен жабдықталған, олар әсерлі геометриялық көлемдік элементтерге ие және ортақ ансамбльге біріктірілген.


Carnival салоны кең, ол түрленудің әртүрлі нұсқаларын ұсынады, кроссвэнде жеті және сегіз орындық болуы мүмкін. Интерьердің керемет элементі – алдыңғы панельдегі панорамалық экран, ол сандық аспаптар панелі мен мультимедиа жүйесінің дисплейін біріктірді. Төртінші буындағы Carnival ұсынатын кейбір шешімдер Kia автокөліктерінде бірінші рет, ал кейбіреулері әлемде алғаш рет қолданылды. Мысалы, Carnival электр жетектері бар жылжымалы бүйірлік есіктер үшін интеллектуалды ашу жүйесі бар алғашқы автокөлік атанды. Drive Wise Carnival кешенінің жүргізушіге көмек көрсету жүйелерімен жабдықтау тұрғысынан алғанда, барлық қазіргі заманғы автокөліктердің ішіндегі ең озықтарының бірі.

Қазақстан нарығында кроссвэн MPI үлестірілген бүрку жүйесі бар Smartstream желісінің 3,5 литрлік V6 бензинді қозғалтқышы түрінде ұсынылады. Оның ең жоғарғы қуаты – 249 а.к., ал айналу сәті – 331 Н•м. Мотор сегіз сатылы автоматты трансмиссиямен, жетегі алдыңғы оське агрегатталған.  


Kia VSM фирмалық біріктірілген белсенді басқару жүйесі, жоғарыға көтерілу кезіндегі көмекші (НАС), шиналардағы қысымды басқару жүйесі (TPMS), Drive Mode Select қозғалыс режимін таңдау жүйесі және тұрақ тежегішінің электр жетегі Kia Carnival үшін стандартты болып табылады. Автокөлік жеті қауіпсіздік жастығымен жабдықталған. Екінші және үшінші қатарлардың орындықтарына ISOFIX стандартты балалар орындықтарын бекіту қарастырылған. Жайлылықтың штаттық нұсқаларының арасында круизді бақылау, алдыңғы орындықтар мен алдыңғы әйнегін жылыту, мобильді құрылғыларды қосуға арналған Bluetooth модулі, алдыңғы панельдегі және алдыңғы орындықтардың артқы бүйірлік жағындағы USB қуат беру қосқыштары (екінші қатардағы жолаушылар үшін), сондай-ақ жүк бөлігіндегі 220 вольтты розетка бар. Екінші қатардағы орындықтар бойлық бағытта реттеледі. Үшінші қатардағы орындықтарды 60/40 пропорциясымен немесе толығымен едендегі осы мақсат үшін арнайы қарастырылған бөлікке бүктеуге болады. 


Сегіз орындық Prestige жабдықталымы проекциялық типтегі жарықдиодты фаралармен, жарықдиодты тұманға қарсы шамдармен және артқы шамдармен, 18 дюймдік дөңгелектермен, хромды радиатор торымен және шатырдың артқы тіректерімен ерекшеленеді. Бұл жабдықталымда кроссвэн Apple Carplay / Android Auto қолдайтын 12,3" экраны бар мультимедиа және навигация жүйесімен, 12 динамигі бар BOSE премиалды аудиожүйесімен, Smart Key кілтсіз кіру жүйесімен, жылжымалы бүйірлік есіктердің электр жетектерімен және интеллектуалды ашу жүйесі бар жүк бөлігінің есіктерімен жабдықталған. Бүйірлік есіктердің электр жетегін қашықтан басқаруға болады, ал SEA автокөліктен қауіпсіз шығу жүйесі тек ескерту ғана емес, сонымен қатар артқы есіктерді бұғаттау функцияларына ие. Бүйірлік сыртқы айналар жиналмалы электр жетегімен жабдықталған, «электрхромды» (автоматты түрде қараңғыланатын) салон айнасы орнатылған. Орындықтар жасанды былғарымен қапталған, ал жүргізуші орындығы үшін 10 бағыт бойынша реттелетін электр жетектері қарастырылған. Орталық консольде смартфонға сымсыз қуат беру панелі бар. Kia Carnival-дың Prestige жабдықталымының құны 23 990 000 теңгені құрайды.

Жеті орынды Premium+ жабдықталымы жайлылық пен қауіпсіздік опцияларының толық жиынтығын ұсынады. Олардың ішінде Shift-by-wire электронды трансмиссия селекторы және рульдің астындағы берілістерді ауыстырып-қосқыштары бар. Кроссвэннің төбесіне электр жетегі бар екі люк орнатылған. Алдыңғы панельдің сәндік кіріктірмелері хроммен әрленген, автокөлік жарықдиодты ішкі жарықтандыру жиынтығымен және интерьерге «атмосфералық» жарық беретін Mood Lamp-пен жабдықталған. Жүргізуші орындығында теңшеулердің жады функциясы бар 12 бағытта реттелетін электр жетектері, алдыңғы жолаушы орындығы – 8 бағытта реттелетін электр жетектері бар, алдыңғы екі орындық желдеткішпен жабдықталған. Екінші қатарда шынтақшалары және аяққа арналған тіреуіші, жылыту, желдету, 6 бағытта электр реттеу және "Релаксация" режиміне ауыстыру түймешесі бар, жайлылығы жоғары екі бөлек кресло орнатылған. Барлық орындықтар табиғи былғарымен қапталған. Сондай-ақ диагоналі 12,3 дюйм болатын Supervision сандық аспаптық панелі орнатылған. Негізгі мультимедиа-дисплейіне айналаны шолып қарау жүйесінің кескінін шығаруға болады. 


Drive Wise кешенінің қауіпсіздік жүйелерінің толық жиынтығы да қарастырылған. Оған мыналар қамтылған: Stop&Go функциясы бар интеллектуалды круиздік бақылау (SSC), қиылыста бұрылыс кезінде соқтығысудың алдын алу функциясы бар бетпе-бет соқтығысудың алдын алу жүйесі (FCA-JT), қозғалыс кезінде жолақтан шығудың алдын алу (LKA) және жолақтағы қозғалыс көмекшісі (LFA), жасырын аймақта автокөлікпен соқтығысудың алдын алу (BCA), тұрақтан артқы жүріспен шығу кезінде бүйірлік соқтығысуды ескерту (RCCW) және алдын алу (RCCA), кескінді сандық бақылау тақтасына (BVM) шығару арқылы жасырын аймақтарды бақылау, қозғалыстың басталғанын ескерту функциясы бар жүргізушінің назарын бақылау (DAW), қашыққа түсетін жарықты басқару (HBA) және артқы қатардағы жолаушылар туралы ескерту (ROA) көмекшісі. Premium + жабдықталымының құны 26 590 000 теңгені құрайды.


Брендтің Қазақстандағы барлық модельдік қатары сияқты Kia Carnival-ға да зауыттық кепілдік – 5 жыл немесе 150 000 км жүріс беріледі. Модель туралы толық ақпаратты Kia Carnival парақшасынан алуға болады.

 

 

 

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right