Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
ru
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
No items found.
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
Медиа орталық
>
Allur компаниялар тобы Қазақстанда жаңа Kia K9 сатылымының басталғанын хабарлайды
01 тамыз 2022

Allur компаниялар тобы Қазақстанда жаңа Kia K9 сатылымының басталғанын хабарлайды

• Флагмандық К9 седанының Premium жабдықталымы Қазақстанда қолжетімді болады
• Kia K9 бағасы 39 990 000 теңгені құрайды

2022 ж. 1 тамыз, Алматы қ. - Қазақстандағы Kia ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan компаниясы Қазақстан нарығында Kia K9 флагмандық седанының сатылуы басталғанын хабарлайды. Жаңа К9 седанының Premium жабдықталымы 39 990 000 теңгеде қолжетімді. Автокөлік v6 3,3 GDI қозғалтқышымен (249 а.к.), автоматты беріліс қорабымен және толық жетекпен жабдықталған. 
К9 экстерьерінің безендірілуі қазіргі заманғы Kia модельдерінің дизайнындағы жаңа бағытты көрсетеді. Седан талғампаздықтың, дәстүрлі сән-салтанаттың және заманауи жоғары технологиялық стильдің көрінісі. Автокөліктің алдыңғы жағы көлемді радиатор торы бар фаралардың жіңішке көлденең пішінінің контрасты есебінен әсерлі үйлесіп тұр. Тордың V тәрізді суретіндегі жарық ерекшелігінің арқасында алдыңғы бөлік визуалды түрде кеңірек және сенімді пішінге ие. Профильде модельдің премиалды сипаты өзіне тән көлемді бейне мен 19 дюймдік дөңгелек дискілерінің жаңа орындалуын ерекшелендіреді. Артқы жағындағы футуристік көлденең жарық сызығы сәнді және талғампаз тік суреті бар шамдарды жалғап тұр.


Қазақстан нарығында К9 осы сегменттегі клиенттердің сұраныстарына неғұрлым толық жауап беретін Premium жабдықталымында ұсынылған.
Автокөлік толығымен жарықдиодты оптикамен жабдықталған, жүргізуші навигациясының ыңғайлылығы үшін алдыңғы әйнекке проекциялық дисплей, диагоналі 12,3" Supervision электронды аспаптық панелі, сондай-ақ диагоналы 14,5" экраны бар мультимедиа жүйесі және екінші қатардағы жолаушыларға арналған дисплейлер орнатылған. Жабдықталымға айналаны шолу жүйесі, 16 динамигі, сабвуфері және сыртқы күшейткіші бар Lexicon аудиожүйесі, үш аймақты климатты бақылау қамтылған. Жүргізуші мен жолаушылардың жайлылығын руль бағанасы мен алдыңғы орындықтардың жады функциясы, алдыңғы және артқы орындықтарды электр реттеу және желдету қамтамасыз етеді.

Брендтің Қазақстандағы барлық модельдік қатары сияқты Kia K9-ға да зауыттық кепілдік – 5 жыл немесе 150 000 км жүріс беріледі. Модель туралы толық ақпаратты K9 парақшасынан алуға болады. 

Хабардар болыңыз

arrow-left
arrow-right