Қазақстанның Автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша Kia бренді 2022 жылдың қараша айында Қазақстанда жаңа автокөліктерді ресми сату қорытындысы бойынша үшінші орынды иеленді. Танымал корей брендінің төрт моделі үздіктердің 10-дығында жоғары көтерілді.
Осы жылдың қараша айында қазақстандықтар 1718 Kia автокөлігін сатып алды, бұл соңғы екі жылда елімізде брендтің сатылуы жағынан айлық рекорд болып табылады. Бұл 2022 жылдың қазан айымен салыстырғанда 22%-ға, 2021 жылдың қараша айымен салыстырғанда 86,9%-ға жоғары.
Гольф санаттағы Kia Ceed хэтчбегі мен Ceed SW универсалы сатылуы бойынша үздіктердің 10-дығында алтыншы орынды иеленді, нәтижесінде 382 автокөлік сатылды. Қараша айында D сегментінің көшбасшысы «абсолют»-те жетінші орынға ие болған Kia K5 седаны (354 бірлік) болды. D санатындағы кроссоверлер сегментін сегізінші орында тұрған Kia Sorento (353 бірлік) басқарды. Ал В-кроссоверлер сегментінде ең көп сатылған Kia Seltos (280 бірлік) болды, ол үздік 10-дықта оныншы орынға ие.
2022 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Kia бренді ҚР автонарығы көшбасшыларының үштігіне тұрақты түрде кіреді. Мұнда 12 853 автокөлік сатылды, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінің нәтижесінен 46,5%-ға артық.
«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС ҚР аумағында қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сатылатын тауарларды ҚР аумағында алуға болады. ҚР аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тұтыну тәртібіне мониторинг жүргізілмейді. Тиісті модельдер мен жабдықталымдар және олардың бар-жоғы, бағалары, ықтимал пайдалары мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты Kia-ның ҚР дилерлерінен алуға болады. Тауар сертификатталған. Жария оферта емес.
© 2023 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»