Қазақстан Авто Бизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша Kia бренді 2023 жылдың қаңтар айында Қазақстанда жаңа автокөліктерді ресми сату қорытындысы бойынша үшінші орынды иеленді. Танымал корей брендінің нарықтағы үлесі 2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 7%-дан 16,5%-ға дейін өсті. Бірден үш Kia моделі үздік 10-дыққа енді.
Қаңтар айында қазақстандықтар 1723 Kia автокөлігін сатып алды. Бұл 2022 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 9,89%-ға жоғары, бұл 2016 жылдан бері елімізде брендтің бір айдағы сатылу рекорды болып табылады!
C-SUV сегментінің кроссовері Kia Sportage сатылымның үздік 10-дығында үшінші орынға ие болды, яғни 550 автокөлік сатылды. Қаңтарда «абсолютте» алтыншы орынға ие болған Kia Sorento (304 бірлік) D-SUV сегментінің көшбасшысы атанды. B-санатты кроссовер сегментінде Kia Seltos (280 бірлік) көш бастап тұр, ол үздік 10-дықта сегізінші орында.
«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС ҚР аумағында қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сатылатын тауарларды ҚР аумағында алуға болады. ҚР аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тұтыну тәртібіне мониторинг жүргізілмейді. Тиісті модельдер мен жабдықталымдар және олардың бар-жоғы, бағалары, ықтимал пайдалары мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты Kia-ның ҚР дилерлерінен алуға болады. Тауар сертификатталған. Жария оферта емес.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»