22-27 шілде аралығында «KiaGO: Қазақстанға тәнті бол» сериясының сегізінші автожорығы өтті. Блогерлер мен инфлюенсерлер тобы Kia автокөліктерімен қызықты маршрут жасап, Шығыс Қазақстан облысының таңғажайып сұлулығы мен көрікті жерлеріне тәнті болды.
Сібе көлдері, Зайсан көліндегі Шекелмес мүйісі, Қиын-Керіш шатқалы, Марқакөл көлі, Катонқарағай ұлттық паркі... KiaGO авторжорығына қатысушылар Шығыс Қазақстан облысында шамамен 1800 км жүріп, осы көз тоймайтын көрікті жерлердің бәрін төрт күнде аралап шықты.
ҚР Kia ресми дистрибьюторы, Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Allur Motor Qazaqstan компаниясы ұйымдастырған автожорықтың мақсаты – Республикадағы автотуризмді дамыту, туристік орындарды танымал ету және ішкі туризм мәдениетін арттыру. Табиғатқа ұқыптап қарайтын, өз елінің қайталанбас сұлулығына ерекше ықыласпен қарайтын қазақстандықтардың санын арттыру көзделді.
Өскеменнен басталып, Өскеменде аяқталған автожорық бағытында қолайлы жолдан быт-шыты шыққан асфальт пен тасты-топырақты жолдарға дейінгі әртүрлі жол жабындарын қамтыды. Қатысушылар әр модельдің ерекшелігін сезіне отырып, Kia автокөліктерін толыққанды сынақтан өткізді. Тоғыз автокөліктен тұратын колоннаға Seltos, Sportage және Sorento кроссоверлері, сондай-ақ K8 жаңа бизнес-седаны кірді, бұл Қазақстанда автотуризм үшін жол талғамайтын көліктің болуы міндетті емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Автожорықты ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай сапарлар жаңалық ашуға, серпіліс жасауға және қаланың қарбаласынан демалып, табиғаттан ләззат алуға әсер етеді. Бұл шабыт беретін қозғалыс – Movement that inspires.
KiaGo: Ontustik автожорығына Litro, Howe серіктестеріміз қолдау көрсетті.
«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС ҚР аумағында қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сатылатын тауарларды ҚР аумағында алуға болады. ҚР аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тұтыну тәртібіне мониторинг жүргізілмейді. Тиісті модельдер мен жабдықталымдар және олардың бар-жоғы, бағалары, ықтимал пайдалары мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты Kia-ның ҚР дилерлерінен алуға болады. Тауар сертификатталған. Жария оферта емес.
© 2025 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»