Қазақстандық Авто Бизнес Қауымдастығының (ҚАБҚ) деректері бойынша, Kia бренді 2022 жылдың қазан айында Қазақстанда жаңа автокөліктерді ресми сату қорытындысы нәтижесінде үшінші орынға ие болды. Танымал корей брендінің үш моделі үздік 10-қа кірді.
Осы жылдың қазан айында қазақстандықтар 1408 Kia автокөлігін сатып алды, бұл 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 5,3%-ға, 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда 63,5%-ға жоғары.
Қазақстандық нарықтағы жаңа Kia Ceed хэтчбегі мен Ceed SW универсалы сатылуы бойынша төртінші орынға көтерілді, 484 автокөлік сатылып С сегментінің көшбасшылары атанды. Осылайша қазақстандықтар Еуропалық нарыққа бағдарланған гольф-санаттың жаңартылған моделін жылы қарсы алды. Сарапшылардың пікірінше, Ceed және Ceed SW алдағы жылдары өз санаттарында көшбасшылық орынға күресу үшін жақсы әлеуетке ие.
Қазан айында C-SUV сегментінде сатылым бойынша жетінші орынды Kia Sportage кроссовері иеленді. Ал оныншы болып Kia - ның тағы бір моделі D сегментінде көшбасшы болған K5 седаны.
2022 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Kia бренді 11 135 автокөлікті сатып, ҚР автокөлік нарығы көшбасшыларының үштігіне тұрақты түрде енді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің нәтижесінен 41,8%-ға жоғары.
«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС ҚР аумағында қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сатылатын тауарларды ҚР аумағында алуға болады. ҚР аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тұтыну тәртібіне мониторинг жүргізілмейді. Тиісті модельдер мен жабдықталымдар және олардың бар-жоғы, бағалары, ықтимал пайдалары мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты Kia-ның ҚР дилерлерінен алуға болады. Тауар сертификатталған. Жария оферта емес.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»