Алматыдағы Kia National Skill World Cup
2025 жылы 6 қарашада Алматы қаласының Құлжа тасжолындағы Doscar дилерлік орталығында Kia National Skill World Cup атты механиктер байқауының ұлттық кезеңі өтті.
Байқауда Қазақстандағы Kia дилерлік орталықтарының үздік механик-диагност мамандары басқосты. Онлайн-іріктеуге Республиканың түкпір-түкпірінен 20 маман қатысты, олардың тек алтауы ғана өз білімдері мен дағдыларын көрсету үшін финалға өтті, олар: Владислав Павлюк (Doscar Ertis ДО, Қарағанды), Сергей Гудков (Bahus ДО, Қарағанды), Дәулет Шаймерденов (Allur Turan ДО, Астана), Рустам Самарханов (Terra Motors ДО, Астана), Анатолий Мун (Taldykorgan Auto Group ДО, Талдықорған), Игорь Тимониченко (Kol Auto ДО, Ақтөбе).
Байқау аясында қатысушылар мына бөлімдер бойынша практикалық тапсырмаларды орындады:
- автоматты трансмиссия,
- электрика,
- диагностика (автокөлікті іске қосу).
Ұлттық кезеңді ҚР Kia-ның ресми дистрибьюторы Allur Motor Qazaqstan ұйымдастырды. Іс-шараға техникалық қолдау қызметінің жаттықтырушысы Алексей Сиволапов жауапты болды.
Сайыс нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Анатолий Мун (Taldykorgan Auto Group ДО, Талдықорған),
2 орын — Дәулет Шаймерденов (Allur Turan ДО, Астана),
3 орын – Сергей Гудков (Bahus ДО, Қарағанды).
Бірінші және екінші орын алған финалистер 2025 жылдың желтоқсанында Мәскеудегі Kia академиясында өтетін байқаудың өңірлік кезеңіне Қазақстанның атынан қатысады. Егер ол жерде қатысушыларымыз жүлделі орынға ие болса, олар Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтетін әлемдік финалға шыға алады.
Kia National Skill World Cup Қазақстандағы Kia клиенттік сервисінің жоғары стандарттарын қолдаудағы маңызды кезең болды. Мұндай сайыстар дилерлер арасындағы байланысты күшейтіп, мамандардың техникалық дағдыларының деңгейін арттырады.
«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС ҚР аумағында қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сатылатын тауарларды ҚР аумағында алуға болады. ҚР аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тұтыну тәртібіне мониторинг жүргізілмейді. Тиісті модельдер мен жабдықталымдар және олардың бар-жоғы, бағалары, ықтимал пайдалары мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты Kia-ның ҚР дилерлерінен алуға болады. Тауар сертификатталған. Жария оферта емес.
© 2026 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»
