2024 жылы 24 қазан күні Павлодардағы Doscar Ertis ресми дилерлік орталығында Kia National Service Advisor Competition атты Kia сервистік кеңес берушілерге арналған ұлттық байқау өтті.
Байқау Қазақстанның клиенттерге қызмет көрсету және техникалық кеңес беру бойынша үздік мамандарының басын біріктірді. Іріктеу турына 22 дилерлік орталықтың кеңесшілері қатысты, өздерінің білімдері мендағдыларын көрсету үшін небәрі алты маман финалға өтті.
Байқау аясында қатысушылар үш практикалық тапсырманы орындады:
- автокөлікті қабылдау,
- автокөлікті беру,
- KCVG порталымен жұмыс.
Байқауға дайындықты және оның өткізілуін Қазақстан Республикасындағы Kia-ның ресми дистрибьюторы ұйымдастырды. Іс-шараға жауапты болып техникалық қолдау жөніндегі жаттықтырушы Алексей Сиволапов тағайындалды.
Жарыс нәтижесі бойынша орындар келесідей бөлінді:
1-орын — Руслан Кударов («Allur Turan» дилерлік орталығы, Астана қ.),
2-орын — Николай Екишин («Vivaga» дилерлік орталығы, Петропавл қ.),
3-орын — Жандос Хайбрахманов («Allur Turan» дилерлік орталығы, Астана қ.).
1-ші және 2-ші орын алған финалистер 2024 жылдың қараша айында Қазақстанды таныстырып, өңірлік байқауға қатысу үшін Мәскеуге барады.Kia National Service Advisor Competition – Қазақстандағы Kia клиенттік сервисінің кәсібилігін арттыру және жоғары стандарттарын қолдаудағы маңызды кезең.
«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС ҚР аумағында қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сатылатын тауарларды ҚР аумағында алуға болады. ҚР аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тұтыну тәртібіне мониторинг жүргізілмейді. Тиісті модельдер мен жабдықталымдар және олардың бар-жоғы, бағалары, ықтимал пайдалары мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты Kia-ның ҚР дилерлерінен алуға болады. Тауар сертификатталған. Жария оферта емес.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»