Жақында Алматы облысы бойынша Kia EV6 электрмобильдерімен экологиялық автожорық өтті, оның мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлықпен қарайтын автокөлік иелерінің қауымдастығын дамыту.
Мұның бәрі автоблогер Дияс Уәлиханның Kia ЕV6 иелерінің чатындағы бастамасынан басталды. Қазақстандағы Kia дистрибьюторы автожорық идеясын қолдау керек деген шешім қабылдады. Әрі қарай басқа танымал блогерлер де қосылды. Сөйтіп электрмобилистердің EV6 мүмкіндіктерін мегаполистен тыс жерде тексеруге деген шешіміне байланысты болды.
Қызықты бағыт құрылды, оған автобаннан бастап биік жерлері, құмды бұрылыстары бар қара жолдарға дейінгі әртүрлі жол жағдайлары қамтылды. Қонаев қаласындағы қараусыз қалған картодромды айналу жорыққа қатысушылар үшін тосынсый болды. Адреналин кәдімгідей көтерілді!
Іле өзенінің тамаша көрінісі бар бақылау алаңында автожорық аяқталды, қатысушылар осы қызықты оқиғалардан алған әсерлерімен және эмоцияларымен бөлісті. Kia EV6 автокөлігінің қалалық көлік ретінде ғана емес, сонымен қатар табиғатқа саяхаттайтын әмбебап одақтас ретіндегі әлеуетін білді.
«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС ҚР аумағында қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сатылатын тауарларды ҚР аумағында алуға болады. ҚР аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тұтыну тәртібіне мониторинг жүргізілмейді. Тиісті модельдер мен жабдықталымдар және олардың бар-жоғы, бағалары, ықтимал пайдалары мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты Kia-ның ҚР дилерлерінен алуға болады. Тауар сертификатталған. Жария оферта емес.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»