Kia EV9 Америка халықаралық дизайнерлер қоғамының (IDSA) International Design Excellence Awards (IDEA) байқауында алтын жүлдеге ие болды.
Kia EV9 электрлік жол талғамайтын көлігі беделді әлемдік дизайн және автокөлік индустриясы байқауларында марапат алуын жалғастыруда. Жақында Техастағы Остин қаласында өткен IDEA 2024 салтанатында «Автокөліктер мен көлік» санаты бойынша «алтын» алды. Бұл IDEA байқауындағы Kia-ның алғашқы алтын марапаты, оған дейін Red Dot және iF Design сыйлықтарын еншілеген болатын.
EV9 батыл дизайнды экологиялық жауапкершілікпен және озық технологиямен біріктіре отырып, Kia-ның «Қарама-қайшылықтар бірлігі» деген философиясын бейнелейді. Модельдің негізгі дизайнерлік элементтерінің ішінде айқын сызықтар мен біркелкі тегіс беткі қабаттары бар. Бұл ерекше қасиеттер EV9 автокөлігіне дизайн саласында жоғары марапат алуға көмектесті. Сонымен қатар Kia EV9 брендтің тұрақты ұтқырлық саласындағы көшбасшы ретіндегі орнын нығайтты, болашақта брендтің барлық жаңа үлгілерінде болатын 10 негізгі тұрақты элементті енгізді және Kia-ның сапалы биоматериалдарды әзірлеуге деген ұмтылысын жүзеге асырды.
EV9 дизайнерлік марапаттардан басқа, 2024 жылы World Car Awards марапатында «Бүкіләлемдік жыл көлігі» және «Үздік электрмобиль» номинацияларының жеңімпазы атанды, бұл оның халықаралық жетістігін растап отыр.
Биыл IDEA байқауына 44 жыл болды. Бұл әлем бойынша дизайн саласындағы ең беделді сыйлықтардың бірі. Жыл сайынғы байқау дизайнерлік шеберлік шыңын анықтауға бағытталған.
«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС ҚР аумағында қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сатылатын тауарларды ҚР аумағында алуға болады. ҚР аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тұтыну тәртібіне мониторинг жүргізілмейді. Тиісті модельдер мен жабдықталымдар және олардың бар-жоғы, бағалары, ықтимал пайдалары мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты Kia-ның ҚР дилерлерінен алуға болады. Тауар сертификатталған. Жария оферта емес.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»