Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар

Kia

Сенің жаңа мүмкіндіктерің

Қозғалтқышты қашықтан іске қосу

Жылы опциялар

Навигациясы бар 8" мультимедиа

Жаңа мүмкіндіктерге тәнті болыңыз

Технология мен дизайнның қалалық өмірмен бір ырғақта үйлесуі – бұл төртінші буынның жаңартылған Kia Rio автокөлігі. Бұл санаттың үмітін ақтаған технологиялық және функционалдылық. Жолға шығуға деген ұмтылысты оятатын және жолға сенімділік беретін динамика.

Көп жылдық жетістікті жалғастырамыз

Төртінші буынның Kia Rio автокөлігін Kia дизайнерлері мен конструкторлары арнайы Қазақстан үшін жасаған. Ол әртүрлі және күрделі жұмыс жағдайларына дайын. Ол сенімді әрі ыңғайлы. Әлбетте, қала көшелерінде ерекшеленіп тұрады. Көз салып қараңызшы: ол сізді рульге отыруға шақырып тұрғандай.

ДИЗАЙН
Әдеттегі өмірдің шеңберінен тыс

Заманауи дизайнды және спорттық белгілері бар қалалық автокөлік – бұл шынайылық. Ол бір қарағаннан-ақ көздің жауын алады. Ал жақындаған кезде таңғалдырады. Ол күн сайынғы қарым-қатынаста таңғалдыруын жалғастырады.

Фаралардың жаңа пішіні жаңартылған Kia Rio бейнесімен керемет үйлеседі, ал толық жарықдиодты оптика барынша жарықты, жолдың керемет жарықтандырылуын қамтамасыз етеді және қауіпсіздікті арттырады.

Фирмалық «жолбарыстың күлкісі» бар жаңа тор автокөлік дизайнындағы спорттық ерекшеліктерді көрсетеді. Алдыңғы бампердің айқын геометриясымен және ауқымды төменгі ауа қабылдағышпен бірге жаңартылған Kia Rio жинақы әрі жеңіл көрінеді.

Жаңартылған Kia Rio жүріс шамдарының дизайнын ештеңемен шатастыра алмайсыз, олар тәуліктің жарық және қараңғы уақытында да назар аударарлық. Олар тиімді ғана емес, сонымен қатар өте функционалды.

Үшкір үшбұрыш түріндегі қара жиектеме – бұл тағы бір ұтымды дизайнерлік белгі.

Kia Rio алдыңғы оптикасындағы бұл функция автокөліктің айналу бағытында бүйірлік аймаққа жарық береді. Енді тәуліктің қараңғы уақытында бұрылысты көре аласыз.

ЭКСТЕРЬЕР
Кез келген қырынан ғажап

Артқы шамдар мен олардың арасындағы сызықты жалпы композицияға біріктірудің фирмалық дизайнерлік шешімінің арқасында қалалық седан күшті әрі спорттық болып көрінеді.

Артқы оптиканың ерекше суреті жаңартылған Kia Rio-ның сыртқы түріне батылдық береді, ал жарықдиодты шамдардың әсерлі жарығы автокөлікті тіпті, күндіз де ерекшелендіріп тұрады.

Диаметрі 16" тең жаңа жеңіл қорытпалы дискілер жаңартылған Kia Rio динамикалық бейнесін тиімді етеді.

Есіктің тұтқаларындағы сәнді хром екпіндері автокөліктің талғампаз стилін көрсетеді.

Ұтымды тік жарық шағылыстырғыштар автокөліктің тұтас және бүге-шігесіне дейін тексерілген бейнесін аяқтайды.

 
ИНТЕРЬЕР
Стильдің жаңа қырларына тәнті болыңыз

Kia Rio интерьері талғампаз және өте функционалды. Спорттық екпіндер автокөлік салонында да сезіледі. Мұнда интуитивті басқару органдары жоғары сапалы материалдардан жасалған әрлеумен үйлеседі. Kia Rio жайлылықты, сенімділікті және керемет көңіл-күйді қамтамасыз етеді.

Эргономикалық тұтқасы бар және орталық консольде ыңғайлы орналасқан беріліс қорабының селекторы кез келген сапарда жайлылықты қамтамасыз етеді, ал оның жарқыраған хромдалған екпіні автокөліктің динамикалық сипатын еске салады.

Эргономикалық тұтқасы бар және орталық консольде ыңғайлы орналасқан беріліс қорабының селекторы кез келген сапарда жайлылықты қамтамасыз етеді, ал оның жарқыраған хромдалған екпіні автокөліктің динамикалық сипатын еске салады.

Руль дөңгелегінде ойластырылған дизайнның арқасында аудиожүйені, круизді бақылау және Bluetooth басқарудың интуитивті дыбыстық органдары ыңғайлы орналастырылған.

STYLE
Драйв сипатында

Kia Rio стилі – бұл автокөліктің жарқын дизайн нұсқасы. Ол өзіне таңданған көзқарастарды тартады. Ол жаңа тосынсыйларға шабыттандырады. Бұл автокөлікке одан да спорттық көрініс береді. Kia Rio style конфигурациясында – өмірдің әр сәтін безендіруге, оны ұмытылмас етуге тырысқандар үшін.

МУЛЬТИМЕДИА
Өмірдің ырғағына сай

Kia Rio-ны басқарған кезде оқиғалар ағымында болыңыз. Өзіңізді сүйікті музыкаңызбен қуантыңыз. Қызықты бағыттар құрыңыз. Дауыс арқылы басқарудың көмегімен достарыңызбен және әріптестеріңізбен сөйлесіңіз. Мұның бәрін қолыңызды рульден алмай және жолға алаңдамай жасауға болады.

Жаңартылған Kia Rio өнімділігі жоғары, үлкен жарық дисплейі және смартфонды біріктіру мүмкіндігі бар заманауи мультимедиа жүйесімен жабдықталған.

Premium нұсқасында жаңартылған Kia Rio стандартты навигациялық жүйемен жабдықталған, ол маршруттарды салу кезінде жоғары дәлдікпен сипатталады, бұл Сізге үнемі байланыста болуға және өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Жаңартылған Kia Rio смартфонның функционалын мультимедиалық жүйе экранына шығаратын және сапар кезінде сервистер мен қосымшаларды ыңғайлы және қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік беретін Android Auto және Apple CarPlay жүйелерін қолдайды. 8" мультимедиалық жүйесі немесе Prestige және Style жабдықталымы үшін смартфонмен сымсыз байланыс қолжетімді.

Мультимедиалық жүйе дисплейіне кескін шығаратын артқы көрініс камерасының арқасында тіпті, ең қиын жағдайларда да оңай және қауіпсіз тұраққа қоя аласыз.

Борттық компьютер 4,2" өлшемді үлкейтілген түрлі түсті дисплейі бар аспаптық панеліне функционалды теңшеулер, бағыт, отын шығыны, ауа райы және басқалары туралы ақпарат береді. Жүргізуші ұсынылған Supervision аспаптық панелінің ұсынған үш безендіру тақырыбының бірін таңдай алады.

Bluetooth қолдану жолға зейін қоя отырып, қоңырау шалуға мүмкіндік береді.

ТЕХНОЛОГИИ
Технологиялық және ойластырылған

Жүргізушіның салонды қажетті температураға дейін қашықтан жылытуына немесе салқындатуына мүмкіндігі бар. Қозғалтқышты кілтпен іске қосқан кезде климаттық жүйе қозғалтқышты соңғы тоқтатпас бұрын белгіленген температураны автоматты түрде ұстап тұрады.

Әдемі жасалған климатты бақылауды басқарудың жаңа блогы ыңғайлы және функционалды ғана емес, сонымен қатар сәнді безендірілген интерьерді керемет пысықтап тұрады.

Енді автокөлікті оталдыру үшін кілтті алудың қажеті жоқ, түймншені баса салыңыз.

Тұрақ берілгілері енді артқы жағында ғана емес, алдыңғы жағында да орналастырылған. Бұл шектеулі кеңістікте тұрақ пен маневр жасауды айтарлықтай жеңілдетеді.

Круизді бақылауды пайдалану ұзақ сапарларда белгіленген жылдамдықты сақтауға көмектеседі. Бұл жағдайда жылдамдықты шектеу функциясы айыппұлдардың болуына жол бермейді.

Түймешені жай ғана басу арқылы бүйірлік айналарды автокөлікті тұраққа қойған кезде оңай жинауға болады.

ҚАУІПСІЗДІК
Қамқорлықпен және сенімділікпен

VSM жүйесі тежеу күштерін траекториядан ауытқусыз баяулайтындай етіп бөледі және тежеу кезінде дөңгелектердің бұғатталуына жол бермейді.

Тежеу күштерін автоматты түрде қайта бөлудің көмегімен бұрылыстарда сырғанамай, сенімді түрде өтуге болады.

Жоғарыға көтерілу үшін орнынан қозғалған кезде жүйе оның артқа қозғалып кетпеуінің алдын алу үшін тежегіштердің көмегімен автокөлікті автоматты түрде ұстап қалады.

Енді әр сапарға шығар алдында дөңгелектерді тексерудің қажеті жоқ: жүйенің өзі дөңгелекті үрлеу қажеттілігі туралы сигнал береді.

Ең кішкентай жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін жаңа Kia Rio-да ISOFIX бекіткіші бар балалар креслоларын орнату көзделген.

Бұл қауіпсіздік жүйесі барлық Kia автокөліктеріне орнатылған. Төтенше жағдайларда операторлар бәрі жақсы ма, жоқ па, соны анықтау үшін сізбен хабарласады, қажет болған жағдайда жедел жәрдем қызметін шақырады.

ЖЫЛЫ ОПЦИЯЛАР
Мұзды ерітіп жіберіңіз

Kia Rio сұрапыл аязға да, аптап ыстыққа да дайын. Кез келген автокөлікте сыйымдылығы жоғары аккумулятор, сыйымдылығы 5,3 литр болатын жуғыш бачок, тоттануға қарсы тұрақты жабын бола бермейді. Бірақ мұнымен шектелмейді: пайдалы функциялар жиынтығы бар «жылы опциялар» кез келген қысты жылдың өте жайлы уақытына айналдырады.

Электрмен жылыту функциясының көмегімен сапар басталғанға дейін әйнек қар мен мұздан тазартылады.

Айналарды жылыту қызметі бар кезде тұрақта да, сапар барысында да айналарды мұздан тазартудың қажеті жоқ.

Бүріккіштерді электрмен жылыту төмен температурада олардың қатып қалуына жол бермейді.

Түймешені басу арқылы рульді жайлы температураға дейін қыздырыңыз, сонда кез келген қысқы сапар әлдеқайда жағымды және қауіпсіз болады.

Тіпті, қатты суықта да орындықтар санаулы минут ішінде жайлы температураға дейін қызады.

Артқы қатарда отырған серіктеріңізге жылдың суық маусымында да жайлылық пен сапардан алатын рақат сыйлаңыз.

КОМФОРТ
Бүге-шігесіне дейін ойластырылған

Kia Rio салонының ұтымды жинақтастырылуы жолаушылар үшін барынша жайлылықты және сыйымды жүк бөлігін қамтамасыз етеді. Кеңістікті өзіңіз теңшеңіз. Барлығын өзіңізге сәйкес реттеңіз және ыңғайланып отырыңыз. Автокөлікті мүмкіндігінше, ұзақ уақыт кідіріп қалатын жерге айналдырыңыз.

Шынтақ қойғыштың екі түрлі қалпы стақан ұстағышты қолдануға немесе ұзақ сапарға шыққанда қолды ыңғайлап қоюға мүмкіндік береді.

Енді үлкен компаниямен сапарға шыққанда артқы жолаушылар смартфонын зарядтау үшін кезек күтпейді.

Шынтақша астындағы функционалды қорап жолға өзіңізбен бірге одан да пайдалы нәрселерді алуға мүмкіндік береді.

Есік қалтасына тек бір бөтелке су ғана емес, тіпті кішкентай қолшатыр да сияды.

Электрлік реттелетін бел тірегі жүргізуші орындығының ең ыңғайлы конфигурациясын жасауға көмектеседі.

СЫЙЫМДЫ
Әсерлі өмірге бейімделген

Жоспарларды тез өзгерту, бір жерден екінші жерге бару, бүкіл отбасыңызбен ролик тебу, аяқ асты жаңа саяхаттарға шығу – Kia Rio-мен бұл қалыпты жағдай. Көптеген ыңғайлы шешімдері бар әмбебап салон кез келген идеяны жүзеге асыруға дайын болуды білдіреді.

Көлемі 480 литр болатын әсерлі әрі кең жүк салғыш жолға бастапқыда жоспарланғаннан да көбірек заттарды алуға мүмкіндік береді.

Қолыңыз бос болмаған кезде, кілтті алып, көліктің артқы жағына жақындасаңыз жеткілікті, жүк салғыш бірнеше секундтан кейін автоматты түрде ашылады.

Арқасын бүктеп, салонның қажетті конфигурациясына қол жеткізу үшін ыңғайлы орналасқан тұтқаны тартқан жеткілікті. Артқы орындықтар 60/40 пропорциясымен жиналады.

ҚОЗҒАЛТҚЫШ
Жолдар мен шыңдарды бағындырады

Kia Rio сіздің көлік жүргізу стиліңізге сәйкес келеді. Ең әдемі, қызықты бағыт пен қолайлы ортаны таңдаңыз. Біздің жағдайымызға сәйкес жобаланған қозғалтқыштар мен берілістер сізге күткен динамиканы береді және кез келген сапарда жарқын эмоцияларға бөлейді. Бар болғаны – газды басу керек.

Сипаттамалар
>
123 а.к.
Қуаты
151 Н·м
Айналу сәті
11.2 c
Екпіндеу 0-ден 100 км/сағ дейін (бұл қозғалтқыш үшін ең аз мән)
ШОЛУЛАР
Модель туралы бейне
Rio
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Sleek Silver (RHM)
Интерьері: Черный, Искусственная кожа с серой прострочкой (WK)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Galaxy Blue (BE7)
Интерьері: Черный, Искусственная кожа с серой прострочкой (WK)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Dragon Red (WR7)
Интерьері: Черный, Искусственная кожа с серой прострочкой (WK)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Star Dust (V3G)
Интерьері: Черный, Искусственная кожа с серой прострочкой (WK)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Liquid Sand (S5P)
Интерьері: Черный, Искусственная кожа с серой прострочкой (WK)
car01
Сурет таңдалған жабдықталымға сәйкес келмеуі мүмкін. Автокөліктің түсі осы сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
car360 360° қарау
Түсі: Phantom Black (MZH)
Интерьері: Черный, Искусственная кожа с серой прострочкой (WK)
Жабдықталымдары
Қозғалтқыш Rio
Comfort
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

1.6 MPI / 123 а.к. / Бензин / Механика / Алдыңғы жетек

Негізгі опциялары

Алдыңғы орындықтарды жылыту

Руль дөңгелегін жылыту

Декоративті қақпақтары мен 185/65R15 шиналары бар 15" болат дискілер

Руль бағанын шығымы бойынша реттеу

Орталық құлыпты және жүк салғышты қашықтан басқаруға болатын кілт

Электр жетегі бар артқы әйнек көтергіштер және жүргізушінің Auto қызметі бар әйнек көтергіштері

Радиосы және USB кірісі бар аудиожүйе

Аудиожүйені руль арқылы басқару

Comfort
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

1.6 MPI / 123 а.к. / Бензин / Автомат / Алдыңғы жетек

Негізгі опциялары

Алдыңғы орындықтарды жылыту

Руль дөңгелегін жылыту

Декоративті қақпақтары мен 185/65R15 шиналары бар 15" болат дискілер

Руль бағанын шығымы бойынша реттеу

Орталық құлыпты және жүк салғышты қашықтан басқаруға болатын кілт

Электр жетегі бар артқы әйнек көтергіштер және жүргізушінің Auto қызметі бар әйнек көтергіштері

Радиосы және USB кірісі бар аудиожүйе

Аудиожүйені руль арқылы басқару

Luxe
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

1.6 MPI / 123 а.к. / Бензин / Автомат / Алдыңғы жетек

Негізгі опциялары

Алдыңғы орындықтарды жылыту

Руль дөңгелегін жылыту

Алдыңғы әйнекті электрмен жылыту

Декоративті қақпақтары мен 185/65R15 шиналары бар 15" болат дискілер

Климатты бақылау

Артқы тұрақ берілгілері

8 дюймді аудиожүйе

Ұялы телефонды қосуға арналған Bluetooth

Prestige
от 751 410 ₽

Шыққан жылы

Қозғалтқыш және трансмиссия

1.6 MPI / 123 а.к. / Бензин / Автомат / Алдыңғы жетек

Негізгі опциялары

Алдыңғы орындықтарды жылыту

185/65R15 шиналары бар 15" жеңіл қорытпалы дискілер

Күндізгі жарықдиодты шамдар (LED DRL)

Артқы тұрақ берілгілері

Жылдамдықты шектей отырып, круизді бақылау

Динамикалық белгі сызықтары бар артқы көрініс камерасы

Артқы көрініс айналарын жинауға арналған электр жетегі

Android Auto және Apple Carplay қолдауы бар 8" дисплейі бар мультимедиа жүйесі

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Кепілдік және сервис

Kia автокөліктері автокөлік өндірісінің ең жоғарғы стандарттары бойынша өндірілген. Дәл осы ерекше сапа Kia-ға кепілдіктің ерекше шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Толығырақ
КЕҢЕС БЕРУ
Kia Rio туралы толық ақпарат алу
Дилердің қоңырауына тапсырыс беру

Сайтта қамтылған Kia бренді өнімдерінің бағалары туралы мәліметтер тек ақпараттық сипатта болады. Көрсетілген бағалар Kia дилерлерінің нақты бағаларынан өзгеше болуы мүмкін. Kia өнімдерінің өзекті бағалары туралы толық ақпарат алу үшін Kia дилерлеріне хабарласыңыз. Kia брендінің кез келген өнімін сатып алу жеке сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұсынылған автокөлік суреттері сатылатын автокөліктерден өзгеше болуы мүмкін.


Осы сайттың Құқықтық ақпарат бөлімінде көрсетілген тіркелген тауар белгілері пайдаланылады https://kia.com.kz/kz/information/

Екпіндеу уақыты бойынша деректер эталондық отын пайдалану кезінде арнайы өлшеу жабдығын қолдана отырып, эталондық жағдайларда алынды. Үдеудің нақты уақыты әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен ерекшеленуі мүмкін, олар: ылғалдылық, қоршаған ауаның қысымы мен температурасы, пайдаланылатын отынның фракциялық құрамы, жер бедері, жол жамылғысының сипаттамалары, желдің бағыты мен жылдамдығы, атмосфералық жауын-шашын, шиналардағы қысым, сондай-ақ олардың көлемі, маркасы мен моделі, тасымалданатын жүктің массасы (жүргізуші мен жолаушыларды қоса алғанда) және жүргізу дағдылары. Автокөлік жабдықталымындағы айырмашылықтар мен әртүрлі нарықтардағы талаптарға байланысты модельдердің сипаттамалары жоғарыда айтылғандардан өзгеше болуы мүмкін. Kia компаниясы алдын ала ескертпей-ақ автокөліктердің құрылымы мен жабдықталымына өзгерістер енгізуге құқылы.

Rio - Рио, Classic - Классик, Classic Audio - Классик Аудио, Comfort - Комфорт, Luxe - Люкс, Style - Стайл, Prestige - Престиж, Premium - Премиум.

Auto - Авто, TFT (Thin Film Transistor) - Тиэфти, Engine (Start-Stop) - Қозғалтқыш (Старт-Стоп), LCD (Liquid Crystal Display) – Сұйық кристалды дисплей, Supervision - Супервижн, USB (Universal Serial Bus) – қосылуға арналған интерфейс, AUX (auxiliary) - қосылуға арналған интерфейс, SD (Secure Digital) – жады картасының форматы, Bluetooth (Блютус) – сымсыз дербес желілердің спецификациясы, Apple Carplay - Эппл Карплей, Android Auto - Андройд Авто, Smart Key - Смарт Кей, AHSS(Advanced-high-strength steel) – беріктігі жоғары озық болат, TomTom-ТомТом, AV - AudioVideo, Vehicle Stability Management system – автокөліктің тұрақтылығын басқару жүйесі, ABS (Anti-lock braking system) – Тежеудің бұғаттауға қарсы жүйесі.

Техникалық сипаттамаларды KIA дилерлерінен нақтылаңыз.

«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС ҚР аумағында қызметін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сатылатын тауарларды ҚР аумағында алуға болады. ҚР аумағынан тыс орналасқан субъектілердің тұтыну тәртібіне мониторинг жүргізілмейді. Тиісті модельдер мен жабдықталымдар және олардың бар-жоғы, бағалары, ықтимал пайдалары мен сатып алу шарттары туралы ақпаратты Kia-ның ҚР дилерлерінен алуға болады. Тауар сертификатталған. Жария оферта емес.

Толығырақ
Жыйрату
Дизайн
Жайлылық

Сәнді мультимедиалық жүйе сапардың мәртебесі туралы хабарлайды және жолда көңіл көтереді

Кіріктірілген Bluetooth арқасында үйлесімді смартфонды қосып, музыка тыңдауға, қоңырау шалуға және навигацияны пайдалануға болады.

Орталық консоль заттарды сақтауға арналған қосымша зат салғыштармен және қолға ыңғайлы орынды таңдауға мүмкіндік беретін реттелетін шынтақ қойғышпен жабдықталған.

Түймешелерді жай ғана басу арқылы ыңғайлы жылдамдық режимін орнатуға, өзгертуге және өшіруге болады. Жылдамдық шектегіші автокөлікті қала жағдайында жүргізуді ыңғайлы етеді.

Руль дөңгелегіне орнатылған түймешелер аудиожүйені жолға алаңдамай-ақ басқаруға мүмкіндік береді.

Осы жүйенің көмегімен қозғалтқыш кілтсіз іске қосылады, түймешені жай ғана басу керек.

Түймешені бір рет басу арқылы салонның оңтайлы температурасын таңдаңыз, сонда теңшеулерді өзгерткенше немесе жүйені өшірмейінше жүйе оны автоматты түрде сақтап тұрады.

Сыртқы жарық қосқышын Auto күйіне бұраңыз, ал жүйе алдыңғы және артқы шамдарды сыртқы жарық деңгейіне сәйкес қосады.

Қауіпсіздік

Picanto шанағының негізгі түйіндерінің 40%-дан астамы ыстықтай қалыпталған болат элементтерін қолдана отырып, беріктігі жоғары AHSS болаттан тұрады. Бұл соққы кезінде шанақтың беріктігін және бұралу қаттылығын едәуір арттырды, салон қорғанысы мен автокөліктің басқарылуын жақсартты.

Жүргізуші мен жолаушыларды қорғау үшін, соқтығысу кезінде жарақат алу қаупін азайту үшін жаңа Picanto-да алдыңғы қауіпсіздік жастықшалары, сондай-ақ бүйірлік жастықшалар мен қауіпсіздік перделері көзделген.

Артқы тұрақ берілгілері басқа көлікке немесе кедергіге жақындағаныңызды ескертеді, бұл артқы жүріспен тұраққа қоюды едәуір жеңілдетеді.

Биікке көтерілу кезінде HAC жүйесі қауіпті кері кетудің алдын алады. Тежегіш педальды босатқан кезде жүйе автокөлікті қозғалыссыз ұстайды, бұл акселератор педалін басуға уақыт береді.

ESC жүйесі бұрылыстарда автокөліктің тұрақтылығын оңтайлы тежеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Ол айналу сәті мен жол жағдайына байланысты дөңгелектердің арасындағы тежеу күшін автоматты түрде қайта бөледі.

ABS жүйесі қозғалыс бағытын сақтай отырып, барынша тежеу тиімділігін қамтамасыз етеді.

Бүйірлік қаттылықты және әр дөңгелектің радиусын үнемі өлшей отырып, TPMS жүйесі аспаптық панельдегі индикатор арқылы шиналардағы қысымның төмендегенін ескертеді.

GT Line
Әсерлі эмоциялардан қуат алыңыз

Қызыл түсті тігіс орындықтарды, руль дөңгелегінің әрлеуін және жабынын безендіреді, бұл автокөлікке спорттық сипат береді.

Жарығы бар дизайнерлік есік кіріктірмелері салонға атмосфера қосады және оны әсерлі етеді.

Аспап панелінің жалпы дизайнына мінсіз кіріктірілген, үлкен экраны бар мультимедиа жүйесі сізді қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз етеді, ал нақты навигация оңтайлы бағыт жасайды.