Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Иелері
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Көлік иелеріне арналған ақпарат
Kia әлеуметтік желілерде
Сервиске жазылу
Арнайы ұсыныстар
Негізгі бет
>
#KiaGO
>
KiaGO: Шығыс Қазақстан
02 тамыз 2022

KiaGO: Шығыс Қазақстан

28-29 шілдеде "KiaGO: Қазақстанды ашамыз!" топтамасының үшінші автошеруі өтті. Блогерлер мен журналистер тобы еліміздің ең әдемі жолдарының бірімен Kia автокөліктерімен жүріп өтіп, Шығыс Қазақстан облысының сұлулығы мен көрікті жерлеріне тәнті болды. 

Көптеген елдерде кез келген өзін-өзі құрметтейтін автокөлік жүргізушісі жүруге міндетті жолдар бар. Қазақстанда осындай жолдардың бірі Шығыс Қазақстан облысының тасжолы болып табылады, автошеруге қатысушылар екі күннің ішінде 1100 километр жүрді. Бұл керемет жол Осинов асуы, Қатонқарағай қорығы, Берел қорғандары және Бұқтырма су қоймасын басып өтеді.


Қазақстандағы Kia ресми дистрибьюторы Allur автокөлік компаниясының құрамына енетін Allur Motor Qazaqstan компаниясы ұйымдастырған автошерудің мақсаты – Республикадағы автотуризмді дамыту, туристік орындарды танымал ету және ішкі туризм мәдениетін арттыру. Қазақстандықтардың көпшілігі табиғатқа сақтықпен қарауды ұмытпай, өз елінің қайталанбас сұлулығы мен тарихи мұрасына ерекше қырынан қарасын деген мақсат.  

Өскемен қаласынан басталып, осы жермен аяқталған автошеру бағыты жақсы жолдан бастап быт-шыты шыққан асфальт пен қара жолдарға дейінгі әртүрлі жол жағдайларын қамтыды, бұл қатысушылардың Kia автокөліктерінің әр моделінің сипатын сезіне отырып, толыққанды сынау үшін жасалды. Алты автокөліктен тұратын лекке жаңа буынды Sportage кроссовері, сондай-ақ К5, Saltos және Sorento модельдері қосылды, сөйтіп Қазақстандағы автотуризм үшін жол талғамайтын көліктің болуы міндетті емес екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Автошеруді ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай сапарлар жаңалықтар ашуға, серпіліс жасауға және қаланың қарбалас шуынан демалып, жай ғана табиғаттан рақаттануға көмектеседі. Бұл шабыттандыратын қозғалыс  – Movement that inspires.

 "KiaGO: Қазақстанды ашамыз!" автошеруін Qazaq Oil, Samal Water және Litro сияқты серіктестер қолдады.