Kia EV3 Auto Zeitung журналының электромобильдер арасындағы салыстырмалы тестінде жеңіске жетті

Kia EV3 Auto Zeitung журналының электромобильдер арасындағы салыстырмалы тестінде жеңіске жетті
  • Kia EV3 немістің Auto Zeitung журналы өткізген бес электрлі кроссовер арасындағы салыстырмалы тестте бірінші орынды иеленді

  • EV3 бағалаудың негізгі санаттарында, соның ішінде салон кеңдігі, жүру жайлылығы және күштік қондырғы сипаттамалары бойынша көш бастады

  • Auto Zeitung Kia EV3 моделінің сапасын, динамикалық қасиеттерін, практикалығын, жүріс қоры мен жүру жайлылығын жоғары бағалап, кореялық кроссоверді «ең үздік кешенді ұсыныс» деп атады

  • Бұл нәтиже Kia EV3-тің Еуропа нарығындағы ең бәсекеге қабілетті ықшам электрлі SUV модельдерінің бірі ретіндегі орнын тағы бір мәрте растады

  • СЕУЛ, 28 мамыр 2026 жыл - Kia EV3 немістің Auto Zeitung автомобиль журналы өткізген ауқымды электромобильдер салыстырмалы тестінде сегменттегі төрт бәсекелесін басып озып, бірінші орынға шықты.

    EV3 «Кузов», «Жүру жайлылығы» және «Күштік қондырғы» санаттарында үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 3 039 ұпай жинап, тесттің абсолютті жеңімпазы атанды.

    Kia EV3 Auto Zeitung тестінде қай санаттарда ең жоғары баға алды?

    Auto Zeitung бес электрлі кроссоверді келесі санаттар бойынша бағалады:

    • Кеңістік, практикалық және сапа: алдыңғы және артқы жолаушыларға арналған кеңістік, көріну аймағы, басқару ыңғайлылығы, жүксалғыш көлемі, қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталуы, материалдар мен құрастыру сапасы

    • Жүру жайлылығы: алдыңғы және артқы орындықтардың ыңғайлылығы, эргономика, салондағы шу деңгейі және климаттық жүйенің тиімділігі

    • Күштік қондырғы: үдеу, ең жоғары жылдамдық, трансмиссия баптаулары, энергия тиімділігі, жүріс қоры және зарядтау қолайлылығы

    • Динамикалық сипаттамалар: басқарылу, слаломнан өту, руль жұмысы, бағыт тұрақтылығы, тежеу тиімділігі және басқару қауіпсіздігі

    • Экономикалық тиімділік: автомобиль бағасы, қалдық құны, кепілдік шарттары, салықтар, сақтандыру және шығарындылар деңгейі

    Kia EV3 күнделікті пайдаланудағы практикалықты, кең салонды, жоғары деңгейдегі жайлылықты, электрлі күштік қондырғының тиімді сипаттамаларын және жалпы тұтынушылық құндылықты ең үйлесімді түрде біріктіре отырып, ең жоғары жиынтық нәтижені көрсетті. Қорытындысында Auto Zeitung EV3 моделін салыстырмалы тест қатысушылары арасындағы «ең үздік кешенді ұсыныс» деп атады.

    «Auto Zeitung тестінің нәтижесі Kia EV3 моделінің Еуропадағы электромобильдердің ең маңызды сегменттерінің бірінде жоғары бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетеді», - деп атап өтті Kia Corporation компаниясының жаһандық сату бөлімшесінің вице-президенті әрі жетекшісі Спенсер Чо (Spencer Cho).
    «Бүгінде тұтынушылар электромобиль таңдау кезінде бұрынғыдан да мұқият болып, жүріс қорын, энергия тиімділігін, салон кеңдігін, зарядтау мүмкіндіктерін, сапаны және жалпы иелік ету құнын жан-жақты бағалайды. EV3-тің жеңісі модельдің осы талаптарға теңгерімді әрі сенімді сипаттамалар жиынтығы арқылы толық жауап беретінін дәлелдейді. Мұндай мойындау Kia-ның электромобиль сегментіндегі қатысуын негізгі нарықтарда одан әрі күшейту барысында біздің сату бөлімшелеріміз бен дилерлік серіктестеріміз үшін маңызды дәлелге айналады».

    Kia EV3 Auto Zeitung тестінде неге жеңіске жетті?

    Kia EV3 ықшам электрлі кроссоверден заманауи сатып алушылар күтетiн қасиеттердің үйлесімді жиынтығының арқасында жеңіске жетті: кең әрі практикалық салон, ұзақ сапарларда жоғары жайлылық деңгейі, тиімді электрлі күштік қондырғы, интуитивті басқару және бәсекеге қабілетті иелік ету шарттары. Auto Zeitung EV3 салонындағы кеңістік сезімін, екінші қатар жолаушыларына арналған жайлылықты, құрастыру сапасын және жалпы орындалу деңгейін ерекше атап өтті.

    Басылым сонымен қатар отыру жайлылығын, теңгерімді жүріс сипаттамаларын, қуаты 150 кВт болатын серпінді әрі сезімтал электрлі күштік қондырғыны, сондай-ақ Kia Connect платформасы арқылы қолжетімді интуитивті басқару элементтері мен практикалық цифрлық функцияларды жоғары бағалады. Бұл қасиеттер EV3 моделіне күнделікті пайдаланудағы қолайлылық пен жоғары деңгейдегі жүру жайлылығын үйлестіруге мүмкіндік берді.

    Auto Zeitung EV3-тің нақты пайдалану мүмкіндіктерін де атап өтті: тест барысында автомобиль 335 шақырымдық жүріс қорын және 170 км/сағ ең жоғары жылдамдықты көрсетті - бұл салыстыруға қатысқан барлық модельдер арасындағы ең үздік нәтиже. Бұл көрсеткіш Kia-ның электромобиль технологияларын, дизайн мен практикалықты кең аудитория үшін қолжетімді етуге ұмтылысын айқын көрсетеді.

    Мақалада EV3 кореялық инженерлік мектепке тән жоғары сапа деңгейін сақтай отырып, неміс жолдарының кедір-бұдырын тиімді сіңіретін мұқият бапталған аспаны, ұзақ сапарлардағы жайлылықты және қуаты 150 кВт (204 а.к.) болатын электрлі күштік қондырғының сенімді үдеу мен жұмсақ басқаруды қамтамасыз ететіні атап өтіледі.

    Бұл мойындау Kia EV3-тің жаһандық табысын қалай қолдайды?

    Auto Zeitung тестінің нәтижесі Kia EV3 моделінің табысын тағы бір тәуелсіз растау болды. Бұл модель ықшам электрлі кроссоверлер сегментінде алдыңғы қатарлы электромобиль технологияларын, батыл дизайнды және практикалықты үйлестіре отырып, бұған дейін де жоғары бағаға ие болған.

    Kia-ның жаһандық арнайы модульдік E-GMP (Electric Global Modular Platform) платформасында жасалған EV3 ірі электрлі SUV модельдерінде қолданылатын көптеген технологиялық шешімдер мен дизайнерлік қағидаларды анағұрлым қолжетімді форматта ұсынады. Энергия тиімділігі, кең салон, цифрлық функциялар және күнделікті пайдаланудағы қолайлылықтың үйлесімі Kia-ның электромобильдерді жаһандық нарықтарда жедел тарату стратегиясын қолдайды.

    EV3 сонымен қатар Kia-ның әртүрлі тұтынушылық қажеттіліктерге бағытталған кеңейіп келе жатқан электромобильдер желісін қалыптастырудағы жалпы көзқарасын бейнелейді - ықшам кроссоверлерден бастап, ірі отбасылық модельдерге, седандар мен мобильдікке арналған мамандандырылған шешімдерге дейін.

    Auto Zeitung мойындауының маңызы неде?

    1969 жылы негізі қаланған және Германияның Кельн қаласында орналасқан Auto Zeitung журналы - елдегі жетекші автомобиль басылымдарының бірі. Bauer Media Group құрамына кіретін бұл журнал автомобиль саласын жан-жақты қамтуымен танымал: егжей-тегжейлі тесттер, салыстырмалы шолулар, жаңа модельдерге арналған материалдар, салалық жаңалықтар мен талдауларды баспа және цифрлық форматтарда тұрақты түрде жариялайды.

     

Сайтта қамтылған Kia бренді өнімдерінің бағалары туралы мәліметтер тек ақпараттық сипатта болады. Көрсетілген бағалар Kia дилерлерінің нақты бағаларынан өзгеше болуы мүмкін. Kia өнімдерінің өзекті бағалары туралы толық ақпарат алу үшін Kia дилерлеріне хабарласыңыз. Kia брендінің кез келген өнімін сатып алу.

Picanto - Пиканто, Rio - Рио, Soluto - Солюто, Cerato - Церато, Ceed - Сид, Ceed SW - Сид СВ, XCeed - Икс Сид, Stinger - Стингер, Soul - Соул, Seltos - Сэлтос, Sportage - Спортаж, Sorento - Соренто, Rio X - Рио Икс, K5 - К5, K8 - K8, K9 - К9, Carnival - Карнивал, EV6 - EV6, EV9 - EV9, Tulpar - Тулпар.

КҚП - көлік құралының паспорты.

T-GDi (Turbo Gasoline Direct Injection) - бензин қозғалтқыштарына тікелей жанармай құю жүйесі.

Осы сайтта https://www.kia.com.kz/info/trademark/ бөлімінде түгенделген тіркелген тауар белгілері пайдаланылады.


Әлеуметтік желілердегі Kia
Кері байланыс