

Kia Family Day!
30 наурыздан 17 сәуірге дейін 2 жылдан асқан және жүрісі 30 мың км-ден көп Kia автокөліктерінің иелерін Қазақстан бойынша ресми Kia дилерлік орталықтарына келіп, Kia Family Day сервистік акциясына қатысуға шақырамыз.
Акция TotalEnergies мотор майының қолдауымен өтеді.
Акция аясында автокөліктерге тегін кешенді диагностика жүргізіледі, оның ішінде күрделі ақауларды анықтау қамтылып, дилерлік орталықта 30 күн ішінде жеңілдікпен жөндеу ұсынылады.
Сервистік акция 18 сәуір күні Алматы қаласындағы Aport Mall East автотұрағы аумағында (Құлжа тас жолы, 106, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін) аяқталады. Мұнда қонақтарды Kia автокөліктерінің диагностикасынан бөлек, Kia модельдерінің тест-драйвы, фирмалық сыйлықтар, дәмді тағамдар, балаларға арналған ойын-сауық және хедлайнерлер Раим мен Ерке Есмаханның қатысуымен концерттік бағдарлама күтеді.