БЕКІТІЛДІ «Allur Motor Qazaqstan» ЖШС директорының 2026 жылғы «22» шілдедегі № 53/1-ОД бұйрығымен

ЖАРИЯ ОФЕРТА Kia Sorento – 5 техникалық қызмет көрсетуге дейінгі жеңілдік» маркетингтік акциясын өткізу туралы

Алматы қ.

Жарияланған күні: 2026 жылғы «01» тамыз

Осы құжат Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес «Allur Motor Qazaqstan» ЖШС-нің (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») ресми жария ұсынысы (жария офертасы) болып табылады. Осы оферта Kia Sorento маркалы автокөліктерге техникалық қызмет көрсетуге жеңілдік беру шарттары мен тәртібін белгілейді.

1. Терминдер мен анықтамалар

  • Ұйымдастырушы – БСН 201040024596, мекенжайы: Алматы қ., Радлов көшесі, 71/1, «Allur Motor Qazaqstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
  • Ресми дилер – Қазақстан Республикасында Kia маркалы автомобильдердің импорттаушысымен/дистрибьюторымен дилерлік келісімдер жасасқан, автомобильдерді сатуды және сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар (тізімі осы Офертаның №1 қосымшасында көрсетілген).
  • Акцияға қатысушы (Клиент) – осы Офертаны акцептеген жеке немесе заңды тұлға.
  • Автомобиль – Акция кезеңінде Ресми дилерден сатып алынатын жаңа Kia Sorento маркалы автомобиль.
  • Сертификат – Қатысушының Артықшылықты алу құқығын растайтын дербес электрондық немесе қағаз құжат.
  • Артықшылық – техникалық қызмет көрсету кезіндегі регламенттік жұмыстар мен материалдардың тұрақты құнынан 50% (елу пайыз) мөлшеріндегі жеңілдік.
  • ТҚ (ТО) – өндіруші зауыттың регламентіне сәйкес орындалатын жоспарлы техникалық қызмет көрсету (ТО-1, ТО-2, ТО-3, ТО-4, ТО-5).

2. Офертаның мәні және қолданылу мерзімі

2.1. Ресми дилерден 2026 жылғы 25 шілде мен 31 тамыз аралығында (қоса алғанда) Автомобиль сатып алған Қатысушыға алғашқы 5 (бес) жоспарлы техникалық қызмет көрсетуге 50% көлемінде Артықшылық ұсынылады.

2.2. Осы Оферта тек Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

3. Офертаны акцептеу тәртібі

3.1. ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабына сәйкес, осы Офертаның тиісінше және толық акцепті болып Қатысушының Автомобильді сатып алу-сату шартын (САСШ) Ресми дилерде осы Офертаның 2.1-тармағында көрсетілген кезеңде қол қоюы және Автомобиль үшін төлем жасауы табылады.

3.2. Оферта акцептелген сәттен бастап Ұйымдастырушы мен Қатысушы арасындағы шарт осы құжатта көрсетілген талаптармен жасалған болып есептеледі.

4. Артықшылықты ұсыну шарттары мен шектеулері

4.1. 50% Артықшылық тек мыналарға қолданылады:

  • техникалық қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстарға (ТО-1 – ТО-5 шегінде);
  • аталған ТО жүргізу үшін қажетті түпнұсқа қосалқы бөлшектерге;
  • нақты ТО үшін өндіруші регламентімен көзделген шығыс материалдарына.

4.2. Артықшылық мынадай жағдайларға қолданылмайды:

  • міндетті ТО регламентіне кірмейтін қосымша жұмыстарға, жөндеу және диагностикаға;
  • шанақ жөндеуіне, бояу және арматуралық жұмыстарға;
  • қосымша жабдықтар мен аксессуарлардың құнына және оларды орнатуға;
  • нақты ТО түріне арналған өндіруші регламентінде көзделмеген қосалқы бөлшектер мен майлау материалдарына.

4.3. Артықшылық Қатысушы автомобильдің сервистік кітапшасында белгіленген сервисаралық аралықтарды (мерзімі немесе жүріс көрсеткіші бойынша) сақтаған жағдайда беріледі.

4.4. Сертификат бойынша Артықшылық Ұйымдастырушының немесе Ресми дилерлердің басқа акцияларымен, жеңілдіктерімен және дисконттық бағдарламаларымен жинақталмайды.

4.5. Артықшылықтың ақшалай баламасын төлеуге немесе оны басқа тауарлармен/қызметтермен ауыстыруға жол берілмейді.

4.6. Сертификат бойынша Артықшылықты пайдалану құқығы Автомобиль бірінші сатып алушыға берілген күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде немесе Автомобильдің жүрісі 75 000 км-ге жеткенге дейін (қайсысы бұрын орын алса, сол жағдайға дейін) сақталады.

5. Сертификатты пайдалану тәртібі

5.1. Сертификат дербес сипатқа ие және Автомобильдің сәйкестендіру нөміріне (VIN-кодына) байланыстырылған.

5.2. Осы Офертаның 4.6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде Автомобиль қайта сатылған жағдайда, Артықшылықты пайдалану құқығы жаңа иесіне өтеді (Сертификат сақталған жағдайда).

5.3. Қызмет құнын дұрыс есептеу үшін Қатысушы Сертификатты Ресми дилердің сервис кеңесшісіне тапсырыс-наряд рәсімделгенге және жұмыстар басталғанға дейін ұсынуға міндетті. Егер Сертификат тапсырыс-наряд жабылғаннан кейін ұсынылса, орындалған жұмыстарға жеңілдік берілмейді.

6. Дербес деректер

6.1. Офертаны акцептеу арқылы Қатысушы Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес Ұйымдастырушыға және Ресми дилерлерге осы Офертаның талаптарын орындау және сервистік тарихты есепке алу мақсатында өзінің дербес деректерін (ТАӘ, телефон нөмірі, VIN-код, e-mail) жинауға, өңдеуге, сақтауға және трансшекаралық беруге сөзсіз келісім береді.

7. Форс-мажор және тараптардың жауапкершілігі

7.1. Егер осы Оферта бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы соғыс әрекеттері, табиғи апаттар, ереуілдер, ҚР заңнамасындағы өзгерістер, халықаралық санкциялар, сондай-ақ өндіруші зауыттың ҚР аумағына түпнұсқа қосалқы бөлшектер жеткізуді ресми тоқтатуы сияқты форс-мажор жағдайларының салдарынан болса, Ұйымдастырушы жауапкершіліктен босатылады.

8. Офертаны өзгерту және тоқтату тәртібі

8.1. Ұйымдастырушы Қатысушы Офертаны акцептегенге дейін (Автомобильді сатып алу-сату шарты жасалғанға дейін) осы Офертаны біржақты тәртіппен өзгертуге, толықтыруға немесе күшін жоюға құқылы.

8.2. Өзгерістер Ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді: https://kia.com.kz/special/kia-sorento

8.3. Өзгерістер кері күшке ие емес және өзгерістер жарияланған күнге дейін Автомобиль сатып алған Қатысушыларға қолданылмайды.

9. Ұйымдастырушының деректемелері

«Allur Motor Qazaqstan» ЖШС БСН: 201040024596 Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Радлов көшесі, 71/1 Пошталық индекс: 050010 ЖСК: KZ5994806KZT22036259 (KZT) «Еуразиялық Банк» АҚ БСК: EURIKZKA КБе: 17 Тел.: 555 E-mail: kiasupport@allur.kz

№1 Қосымша

2026 жылғы «01» тамыздағы Жария офертаға

Акцияға қатысатын ресми дилерлердің өзекті әрі толық тізімі мына сайтта қолжетімді: https://kia.com.kz/dealers/

Сайтта қамтылған Kia бренді өнімдерінің бағалары туралы мәліметтер тек ақпараттық сипатта болады. Көрсетілген бағалар Kia дилерлерінің нақты бағаларынан өзгеше болуы мүмкін. Kia өнімдерінің өзекті бағалары туралы толық ақпарат алу үшін Kia дилерлеріне хабарласыңыз. Kia брендінің кез келген өнімін сатып алу.

Picanto - Пиканто, Rio - Рио, Soluto - Солюто, Cerato - Церато, Ceed - Сид, Ceed SW - Сид СВ, XCeed - Икс Сид, Stinger - Стингер, Soul - Соул, Seltos - Сэлтос, Sportage - Спортаж, Sorento - Соренто, Rio X - Рио Икс, K5 - К5, K8 - K8, K9 - К9, Carnival - Карнивал, EV6 - EV6, EV9 - EV9, Tulpar - Тулпар.

КҚП - көлік құралының паспорты.

T-GDi (Turbo Gasoline Direct Injection) - бензин қозғалтқыштарына тікелей жанармай құю жүйесі.

Осы сайтта https://www.kia.com.kz/info/trademark/ бөлімінде түгенделген тіркелген тауар белгілері пайдаланылады.


Әлеуметтік желілердегі Kia
Кері байланыс