Жаса. Бөліс. Шабыттандыр.
Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Kia Qazaqstan «Менің – жаңа Sportage» атты жарқын шығармашылық байқаудың басталғанын жариялайды!
Сіз кім болсаңыз да — биші, суретші, музыкант немесе қолында телефоны мен жанары жанған жай ғана креативті адам болсаңыз да — бұл байқау сіз үшін.
Бұл конкурс — шектеусіз шығармашылық туралы. Өзін-өзі еркін көрсету туралы. Шабыт сыйлайтын эмоциялар туралы.
Байқау механикасы
-
Қатысушылар Reels видеоларын жеке Instagram аккаунтында жариялайды
-
Видео форматы — еркін: би / сурет салу / ән / хобби / кез келген шығармашылық пен креатив
-
Бір қатысушыдан бейнеролик саны шектелмейді (қорытындылау кезінде ең жоғары көрсеткішке ие ролик финалға өтеді)
-
Күн сайын Kia Qazaqstan Telegram-арнасында 5 роликке дейін жарияланады, қалғандары сілтеме ретінде орналастырылады (дәл осы жерде байқауға қатысушылардың басқа жұмыстарын көре аласыз)
Міндетті шарттар
- Видеода немесе сипаттамада міндетті түрде «Менің жаңа Kia Sportage» деген тіркесті қолдану
- Кадрда міндетті түрде жаңартылған (рестайлингтен өткен) Kia Sportage болуы керек
- @kiaqazaqstan аккаунтын міндетті түрде белгілеу қажет (хэштег емес, нақты белгілеу)
Қатысушылар үшін арнайы
сондықтан шабыт алатын орынды табу сіз үшін бұрынғыдан да оңай болады (ең жақын дилерлік орталықты табу).
Жеңімпаз қалай анықталады
Жеңімпаз роликтің жиынтық қамту көрсеткіші бойынша анықталады, оған мыналар кіреді:
- лайктар
- репосттар
- сақтаулар
- пікірлер
Мысал: лайктар (100) + репосттар (50) + сақтаулар (35) + пікірлер (77) = жиынтық көрсеткіш(262)
Маңызды: көрсеткіштердің біреуі жасырылған аккаунттар байқауға қатыса алмайды.
Белсенділік неғұрлым жоғары болса — жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары!
Өтінім қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 20 мамырдан 26 маусымға дейін
Нәтижелерді жариялау
Байқау қорытындылары 2026 жылғы 1 шілдеде
Kia Qazaqstan-ның ресми ақпарат көздерінде жарияланады:
- сайт: kia.com.kz
- Instagram: @kiaqazaqstan
- Telegram: Kia Qazaqstan
