Автожарысты блогер Дияс Уәлихан Allur автокөлік компаниясының құрамына кіретін Қазақстандағы Kia брендінің дистрибуциясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Ұзындығы 115 км тең қызықты маршрут жабыны әртүрлі жолдарды, соның ішінде автокөлік иелері толық жетекті жүйенің тиімділігін және таудан түсуге көмекті сынап көре алатын жолсыз учаскелерді қамтыды, сөйтіп кроссовер санатындағы Sportage-дің тамаша жүрісіне тәжірибе жүзінде көз жеткізді. Қатысушылардың көпшілігі соңғы, бесінші буындағы Kia Sportage-ді тізгіндеген екен, десе де төртінші және үшінші буындағы машиналар да болды. Жарыстың соңы Іле өзеніне жақын маңдағы, көркем табиғат аясындағы сейілмен аяқталды. Қатысушыларға тосынсыйлар, жүлделер мен сыйлықтар табысталды.
Жарыс аясында Қазақстан нарығына арналған Kia Sportage 30th Anniversary Edition арнайы мерейтойлық топтамасы ұсынылды, арнайы топтаманың сатылымы басталды.
Автожарысқа барынша ынта-ықылас танытып, қолдау білдірген Sportage иелерін айрықша атап өткіміз келеді. Небәрі бір тәулік ішінде 30 экипаж және 110 қатысушы тіркелді! Кері байланысқа шығып, уақыттарыңызды бізбен бірге өткізгендеріңіз үшін мың алғыс!
«Бізбен бірге GO» жобасы әйгілі «Kia GO»-мен бірге, әртүрлі Kia модельдерінің иелерімен үнемі өткізіліп тұрады. Сондықтан ықылас білдірген жандар үшін бізбен бірге керемет тосынсыйларға қатысуға тамаша мүмкіндік берілмек. Kia жаңалықтарын қадағалаңыз.