

10,25 дюймдік дисплейі бар мультимедиа жүйесі
Жетілдірілген жүргізушіге көмек көрсету және қауіпсіздік жүйелері (ADAS)
LED фаралары
Жинақтамалар
Soul нұсқалары
6 қолжетімді жинақтама
Жаңа жетістіктерге шабыт алыңыз
Қарсы алыңыз, жаңа Kia Soul ‒ сыртқы түрі футуристік әсерлі қалалық кроссовер. Шанағының дизайны ерекше және заманауи техникалық сипаттамалары бар бұл автокөлік көлік жүргізуден ләззат алуға мүмкіндік береді.

Экстерьер
Әсерлі қалалық кроссовер
Kia Soul әсерлі дизайн, инновациялық опциялар мен динамикалық сипатты үйлестірген. Kia Soul экстерьері көздің жауын алатын автокөлік.

Сізге арналған кеңістік
Kia Soul интерьер дизайны сізге ыңғайлы болу үшін жасалған. Кроссовердің салоны әдемі, тексерілген эргономикасы және әрлеудегі жоғары технологиялық элементтері бар. Интуитивті түсінікті басқару органдары жолдағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.

Жайлылық аумағы
Жайлы автокөлікке қойылатын заманауи талаптарға сәйкес болу үшін Kia Soul-де бәрі ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған. Жүргізуші мен жолаушыларға арналған кең жеке кеңістік орындықтарды реттеудің кең ауқымының және аяқ кеңістігінің ұлғаюының есебінен қол жеткізілген.

Саяхаттан рақаттаныңыз
Ерекше бұрыштық пішінді шанағының арқасында Kia Soul дизайнерлері барынша кең салонға қол жеткізді. Бұл автокөлікке отырып алып, ұзақ сапарға аттана аласыз. Заманауи қауіпсіздік және Drive Wise жүргізушіге арналған көмек жүйелері сапар барысында жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Қозғалтқыш
Көлікті жайлы жүргізуге арнал
Kia Soul көлікті барынша ыңғайлы жүргізу үшін жаңа технологиялар қолданылған қозғалтқыштардың жұмыс сапасымен сізді таңғалдырады. Қаланы аралап жүргенде оны бірден сезінесіз.

Қызмет көрсету
Кепілдік және сервис
Kia автокөліктері автомобиль өнеркәсібінің ең жоғары стандарттары бойынша өндіріледі. Дәл осы ерекше сапа Kia-ға кепілдіктің бірегей шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.
Көрнекілік үшін виртуалды бейне қолданылды. Жоғарыда көрсетілген техникалық сипаттамалар жинақтамаға, әр модельдегі орын санына, қозғалтқышқа және таңдалған опцияларға байланысты өзгеруі мүмкін


